Тәрбие туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 236
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 31
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 122
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 33
Шығармалар жинағы: 5
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 21

Алдыңғы арба қайдан жүрсе,
Соңғы арба содан жүрер.
Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.
Сүт — сүйек өсіреді.
Орман аралаған үйші болар,
Ел аралаған сыншы болар.
Жорғаның тері кеппес,
Еркенің көз жасы кеппес.
Сұрай-сұрай Меккеге барады.
Төрде орын барда есікте отырма.
Бүгінгінің ертеңі бар.
Батар күннің атары бар.
Көкке бір кісі ұшады,
Етегіне мың кісі сыяды.
Әркімнің шыққан тауы биік.
Мың асауға бір тосу.
Алғыға қарап пікір ет,
Артқыға қарап шүкір ет.
Көзі соқырдан қорықпа,
Көңілі соқырдан қорық.
Тентек — жұртқа теріс, өзіне дұрыс.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.
«Әй», дейтін әже жоқ,
«Қой», дейтін қожа жоқ.
Тең-теңімен, тезек қабымен.
Тәрбие тілден басталады.
Өзіңді-өзің тәрбиелеп қинағаның,
Жамандыққа қимағаның.
Тәлімі жоқ бозбала,
Есер емей немене.
Етек басты ескі әдет,
Кесел емей немене.
Келін кейін отырар болар,
Көтерілуге бейім отырар болар.
Адам болар ұлының
Арқа-басы кең келер.
Ана болар қызыңның
Ақыл-есі тең келер.