Қуану туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 6
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 28
Қанатты сөздер жинағы: 10
Әңгімелер жинағы: 1

Алтыным! Өмірдің әдемілігі – адамдардың бір-бірін қуанта білуінде, ізгілікті көңілінде емес пе?
©  Әкім Ысқақ
Өзім қуанамын десең, өзгені қуандыра біл.
©  Жәди Шәкенұлы
Жазып біткенде – жаным да шығады: осыған қуанамын.
©  Роберт Вальзер
Ұсақ адамдар ұлылардың кемшілігі мен қателігіне қуанады. 
©  Артур Шопенгауэр
Көрсем, естісем, білсем қуанамын. 
©  Гераклит
Ақымақты мақтасаң – қуанады.
 
©  Саиф Сараи
Қиналып жүрген болсаң, қуануың керек - себебі жеңіл жолда бақыт жоқ.
Қуанармын деп үміт етудің өзі де бастан кешкен қызығыңнан сәл-пәл ғана кем соғады. 
©  Уильям Шекспир
«Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.
©  Абай Құнанбаев
Ашу қысса ақырасың,
Қайғы басса, аһ ұрасың,
Қорықсаң бас ұрасың,
Қуансаң шарқ ұрасың,
Ендi неңдi жасырасың?!
©  Мағжан Жұмабаев