Нұрсұлтан назарбаев туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 9
Ақын өлеңдері жинағы: 19
Әңгімелер жинағы: 5
Шығармалар жинағы: 7

Елбасы біздің атамыз
Жетелеп елді заңғарға, Қуанышты таңдарға. Елбасы біздің атамыз, Балайтын ұлы хандарға.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президент— Елбасы
Елім үшін жаралған, Ойында көп сан арман. Назарбаев — Елбасы, Халыққа жол таба алған.
©  Жібек Ысқақова
Назарбаев — Елбасы
Назарбаев — Елбасы, Елдің қамын ойлайтын. Ең алғашқы президент, Тарихпен бірге толғайтын.
©  Жібек Ысқақова
Елбасы біздің мақтанымыз
Қазақ үшін туған жан, Белін бекем буған жан. Халқы үшін Елбасы, Бар жақсыны қылған жан.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президент — Елбасы
Елінің сүйген адамы, Оң болып басқан қадамы. Елімді бастап Елбасы, Жеткізді күнге бағалы.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президент ғажайып
Ең алғашқы — Елбасы, Президенті қазақтың. Елімді шыңға жетелеп, Тудырған жан ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президентіміз
Назарбаев, Нұр ағам, Халқын сүйіп, тыңдаған. Өлеңдетіп Елбасы, Туған жерін жырлаған.
©  Жібек Ысқақова
Назарбаев атамыз
Әр ісін жасар ұқыпты, Дана жан әрі дара жан. Назарбаев атамыз, Қазақ үшін жаралған.
©  Жібек Ысқақова
Елбасы — елдің ағасы
Елбасы — елдің ағасы, Қорғаны және панасы. Елімізді шет елге, Танытқан қазақ баласы.
©  Жібек Ысқақова