8 наурыз құтты болсын туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 54
Ақын өлеңдері жинағы: 9
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 20
Баталар жинағы: 4
Шығармалар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 3

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне балаларға арналған тақпақтар жинағы
1) АнашымЖарқын жүзді анашым, Құтты болсын мерекең. Мерекеңде өзіңді, Әнге қосып тербетем.2) Жан анамЖүзі жылы жан анам, Сіздей болсын бар адам...
©  Жібек Ысқақова
Құтты болсын мейрамың
Құтты болсын мейрамың, Әжетайым, анашым. Әпкелерім, сіңілім, Апайларым бәрі асыл
©  8 наурыз
Мерекеден шет қалмай
Бүгін шаттық, мереке, Құттықтаймын сіздерді Наурыздың бұл сегізі, Қуандырар біздерді.
©  8 наурыз
Білім берер апайым
Құтты болсын мерекең, Білім берер апайым. Нұрын төгіп бұл көктем, Шаттаныңыз, жоқ уайым.
©  8 наурыз
Қане қарап тұрмайық
Мерекеде бүгінгі, Қане қарап тұрмайық. Анамызды, әпкені, Әнге қосып жырлайық.
©  8 наурыз
Сегізінші наурызда
Сегізінші наурызда, Айнала гүл жайнайды. Өзінің гүл бағында, Бұлбұл құстар сайрайды.
©  8 наурыз
Сегізінші наурыз бұл
Халықаралық мереке, Сегізінші наурыз бұл. Әнге салып, билейік, Қане досым, тұрмай құр.
©  8 наурыз
Бүгін мейрам, мереке
Бүгін мейрам, мереке, Кел билейік шаттана. Сегізінші наурызбен, Жүрейікші мақтана.
©  8 наурыз
Сегізінші наурыз
Сегізінші наурыз, гүл наурыз, Айтатұғын жыр наурыз. Қуанышпен тербейді, Мерекелі бұл наурыз.
©  8 наурыз
Мерекеңмен сіңілім
Сіңілім менің ерекше, Балдай тәтті тілі бар. Барша адамды баурайтын, Былдырлаған үні бар.
©  8 наурыз
Құтты болсын мерекең
Келіп жеткен бүгінгі, Құтты болсын мерекең. Әпкетайым аман жүр, Артып шаттық, берекең.
©  8 наурыз
Жақсы көрем өзіңді
Жақсы көрем өзіңді, Асыл жеңгем, ақ жеңгем. Әр көктемде келетін, Құтты болсын мерекең.
©  8 наурыз
Ақ жеңешем аман жүр
Еркелетер біздерді, Ақ жеңешем аман жүр. Мерекеде гүл жайнап, Ортамызда ойнап-күл.
©  8 наурыз
Әжетайым, жүрегім
Ертегі айтып беретін, Әжетайым, жүрегім. Жайнап әже, құлпырып, Жүрші аман, тілегім.
©  8 наурыз
Еркелетер әжемсің
Еркелетер әжемсің, Бар жақсыны беретін. Әжетайым, асылым, Бізді жақсы көретін.
©  8 наурыз
Бүгінгі күн мереке
Құтты болсын әжетай, Бүгінгі күн мереке. Жақсы көрем өзіңді, Әнге салып тербете
©  8 наурыз
Мерекеңмен әжетай
Әрбір көктем келетін, Мерекеңмен әжетай. Ортамызда гүл жайнап, Жүрші аман әжетай!
©  8 наурыз
Әжетай менің
Ертегі айтып беретін, Әжетайым, асылым. Ойлап жүрер біздерді, Уайымдап ол жасырын.
©  8 наурыз
Еркелейміз біздер тек
Анамызға әрқашан, Еркелейміз біздер тек. Анашым мен әкешім, Аман жүрші сіздер тек.
©  8 наурыз
Еркелетер біздерді
Еркелетер біздерді, Айым, жаным күнім депМейрімді анашым, Жүрші аман күлімдеп.
©  8 наурыз
Асыл анам, ақ мамам
Асыл мамам, ақ мамам, Өзің барда бақ табам. Бар жақсыны тілейді, Аман жүр деп ақ балаң.
©  8 наурыз
Өзің жайлы әнім де
Жан анашым, асылым, Өзің жайлы әнім де. Алақанда аялап, Қамқор болған бәріне.
©  8 наурыз
Аппақ жүзді анашым
Мерекеңмен анашым, Құттықтаймын өзіңді. Аппақ жүзді анашым, Тыңдаймын әр сөзіңді.
©  8 наурыз
Гүл анам
Анамызды әрқашан, Құрметтейміз, сыйлаймыз. Мерекеде гүлдерді, Анамызға жинаймыз.
©  8 наурыз
Айналайын ақ мамам
Құтты болсын мерекең, Айналайын ақ мамам. Гүлдей жайнап құлпырып, Қасымызда жүрші аман
©  8 наурыз