Бастауыш сыныппен қоштасу туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 25
Ақын өлеңдері жинағы: 7
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 4

Бастауышым айдыным
Хош бол енді айтарым, Бастауышым айдыным. Төрт жыл білім үйреттің, Беріп ілім айдынын.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауыштан басталған
Оқу оқу,  үйрену, Бастауыштан басталған. Хош бол енді бастауыш, Үйренуге бас болған.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауыш бақытым
Әріптерді үйреткен, Бастауышым бақытым. Ұстаздарым мың алғыс, Арнаған бар уақытын. Хош бол енді бастауыш, Сыйлаған бар жақұтын.
©  Қоштасу тақпақтары
Орның сенің ерекше
Бастауышым, киелім, Өзіңе бас иемін. Орның сенің ерекше, Екендігін білемін. Хош бол,  сені еске алып, Әрқашанда жүремін.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышпен басталар
Оқу,  білім бәрі де, Бастауышпен басталар. Хош бол деймін бастауыш,Ұмытылмас боп қалар.
©  Қоштасу тақпақтары
Сенсің айтар жыр,  әнім
Алғаш әріп үйреткен, Бастауышым тұмарым. Санатқан есеп шығартқан, Сенсің айтар жыр, әнім. Хош бол деймін бастауыш, Бастау алған тұрағым.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышым өзіңсің
Алғаш әріп үйреткен, Бастауышым өзіңсің. Рахмет деймін бастауыш, Тәтті балдай кез үшін.
©  Қоштасу тақпақтары
Мың рахмет бастауыш
Үйреткен алғаш әріпті, Мың рахмет бастауыш. Іргетасы білімнің, Ілім берер бастауыш. Хош бол енді,  білімге, Бастау болған бастауыш.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышым, мектебім
Бастауышым, мектебім, Сенде өтті төрт көктемім. Сенің арқаң бастауыш, Беске беспен өткенім. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Сенен оқып, бастадым
Сенен оқып, бастадым, Әріптерді жаңадан. Бастауышым рахмет, Түлеп ұшар бар адам. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауыштың үні бұл
Бастауыштың үні бұл, Жүректерді тербеген. Бүрін жарған гүлі бұл, Жанымызды емдеген. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Сенен түлеп ұштым мен
Сенен түлеп ұштым мен, Биік самғап жоқ уайымБастауышым рахмет, Есімдесің әрдайым. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Мектебім сен, бастауыш
Қолға қалам алғызған, Әріптерді жазғызған. Мектебім сен бастауыш, Мектепке алғаш барғызған. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Рахмет саған, бастауыш
Рахмет саған, бастауыш, Сенен әріп үйрендім. Төрт жыл оқып өзіңде, Бір керемет күйге ендім. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым өзіңсің
Бастауышым өзіңсің, Әріптерді танытқан. «Оқи алам» деп бүгін, Әлемге жар салытқан. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым
Бастауышым таңымсың жарқыраған, Сенен білім алады сан мың адам. Түлеп биік ұшады бәрі сенен, Сондықтанда ең қымбат сенің бағаң. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Хош бол, бастауыш
Бастауышым әрқашан нұрың жарық, Сен арқылы үйрендім әріп танып. Төрт жыл бойы өзіңнен білім алдым, Жас теректей шығатын бүрін жарып. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Хош бол енді бастауыш
Хош бол енді бастауыш, Берген білім біздерге. Ұстаздарым оқытқан, Алғысым көп сіздерге. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым, мектебім
Бастауышым, мектебім. Өзіңе мен хош дедім. Төрт жыл білім алып мен, Жасыл болып көктедім. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым хош бол
Бастауыш, хош бол мектебім, Сенде өтті төрт көктемім. Оқуды біз үйрендік, Күлім қағып көкте күн. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышқа рахмет
Бастауышқа рахмет, Әріптерді оқытқан. Ұстаздарға рахмет, Көңілге оны тоқытқан. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышпен қоштасу
Хош бол енді бастауыш, Әріптерді үйреткен. Қолға қалам алдырып, Хат жаздырып сөйлеткен. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауыш
Жетелейді алға үміт,Күлімдейді таң күліп.Жол көрсеттің бізге сен,Ұмытпаймыз мәңгілік.
Бастауышпен қоштасу
Қош бол, құтты бастауыш,Сенен оқып бастадым.Білім бердің бойыма,Нәр алды сенен жас жаным.
Бастауыш сынып
Бастауыш сынып, мектебім,Бүгін,міне, қош дедім.Білмей қалдық 4 жылдың,Қалай зырлап өткенін.