Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Дәлізде тұр көп пима,Таңдап ки сен, ...(септима)
©  Көмек Ыбрайұлы
Ұстатпас аң, не құсқа,Қандай жүйрік ...(секста)
©  Көмек Ыбрайұлы
Шөп әкелді бір арқа,Қайратты екен ...(кварта)
©  Көмек Ыбрайұлы
Нағашыңды ерт Зия, Күтіп отыр ...(терция)
©  Көмек Ыбрайұлы
Алдыңдағы жет ұлға,Деп секірді...(секунда)
©  Көмек Ыбрайұлы
Ең кішіміз Нұрила,Деді, міне ....(прима)
©  Көмек Ыбрайұлы
Айтайын мен ертегімді,Сен жәй ойна ...(шертеріңді)
©  Көмек Ыбрайұлы
Тау, тас, орман жаңғырады,Қақсам қатты ...(даңғыраны)
©  Көмек Ыбрайұлы
Кесіп, жонып жасады Аяп,Дайын болды ...(асатаяқ)
©  Көмек Ыбрайұлы
Аралаймыз сан қонысты,Ала шықшы ...(шаңқобызды).
©  Көмек Ыбрайұлы
Қоя тұрып жыр, әніңді,Ойнап берші ...(ұраныңды)
©  Көмек Ыбрайұлы
Сағындық қой сол бір әнді,Шертші, қане, ...(домбыраңды)
©  Көмек Ыбрайұлы
Қарсы келген жауым састы,Қағып едім ...(дауылпазды)
©  Көмек Ыбрайұлы
Қария мен жас тыңдайды,Ойнап берші ...(сазсырнайды)
©  Көмек Ыбрайұлы
Күні бойы бір іс қылмай,Тауда ойнадым ...(мүйізсырнай).
©  Көмек Ыбрайұлы
Жұрттың қалап жатыр бәрі,Алшы қолға ...(адырнаны).
©  Көмек Ыбрайұлы
ҰЙҚАСЫН ТАП
Жердің қалың тоңы,Шақырып кел ...(«до»ны).Қосылсын бұл күйге,Ескертелік ...(«ми»ге).Аралассын биге,Ұжымдағы ...Бек сен қойды іре,Үйреніп ал ...Алыс..
©  Көмек Ыбрайұлы
Дүкендерде қызықты, әрі мол кітап,Жеті ай ащы, төрт ай тұщы көлді тап?(Индия. Самбар көлі).
©  Көмек Ыбрайұлы
Түз аңы ғой, төзімді, әрі сақ та екен,Үлкендігі сиырдай – ақ ақбөкен.(Африка. Канна)
©  Көмек Ыбрайұлы
Тұрақ еткен ыстық жер, шөл мекенді,Білесің бе қояндай ақбөкенді?(Африкалық Дин –дин)
©  Көмек Ыбрайұлы
Шаршамайтын шапса – дағы күн – түні,Бұл да қазақ жылқысының бір түрі.(Адай жылқысы)
©  Көмек Ыбрайұлы
Шөбі шүйгін сай – саланы кезетін,Бұл қай жәндік аяқпен дәм сезетін?(Көбелек)
©  Көмек Ыбрайұлы
Ыстық жақтан іздеп қара сен мұны:Білесің бе, бұл теңізді ең жылы?(Қызыл теңіз)
©  Көмек Ыбрайұлы
Ыстық аймаққа кел дейтін ел,Сегіз жүз тілде сөйлейтін ел.(Үндістан)
©  Көмек Ыбрайұлы
Әрбір адам бір – бірімен тең дейтін,Қай ел екен орден, медаль бермейтін?(Швейцария)
©  Көмек Ыбрайұлы