Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті.
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
Орманда оның тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық.
Көрінбей кетіп қалыпты.
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды.
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың.