Жол туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 11
Мақал-мәтелдер жинағы: 147
Жұмбақтар жинағы: 26
Балаларға арналған тақпақтар: 20
Ақын өлеңдері жинағы: 348
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 70
Баталар жинағы: 10
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 43
Ертегілер жинағы: 2
Поэмалар: 5
Шығармалар жинағы: 5
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 4
Аңыздар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 4

Жақсы жол
Ұзақ та болса — жақын.
Жаман жол
Жақын да болса — алыс.
Жол жүрсең,
Шабанға кіріптар қылмасын.
Жолдас болсаң,
Наданға кіріптар қылмасын.
Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.
Қолы кеңнің — жолы кең.
Жолға шықпас бұрын,
Жолдасыңды сайла.
Үй салмас бұрын
Көршіңді ойла.
Жолы болар жігіттің
Жөнге басар бәр ісі.
Жолы болмас жігіттің
Ілік іздер әр ісі.
Жолы болар жігітке
Жолдан жолдас қосылар.
Жұлдызы жанған жігіттің
Жүрсе, жолы болады.
Жарқырап оты үміттің
Желі оңынан тұрады.
Жолға шыққан жолаушы
Жол амалын сұрайды.
Артта қалған ауылда
Ел аманын сұрайды.
Жолда жүрген май ішер,
Үйде қалған қан ішер.
Жол азабы — көр азабы.
Барымта
Барымтаға қарымта.
Әңгіме жолды қысқартады,
Жоқшылық қолды қысқартады.
Барар жол ұзақ болса да,
Қайтар жол қысқа болар.
Жолдас,
Жолдассыз жолың болмас.
Ауылдан шыққан күні
Байға қонба, сайға қон;
Бай пәле болады,
Сай пана болады.
Барар жерің бар болса,
Барсаң, айран ішерсің
Барар жерің жоқ болса,
Кімге барып түсерсің?
Аяғы — ат, қолы — қамшы.
Үйінен қырық қадам
Ұзап шыққан адам мүсәпір.
Жол жаман болса,
Атаң да сүрінеді,
Атан да сүрінеді.
Жалғыз жүрсең, жолмен жүр,
Жолдан жолдас қосылар.
Жолдан жолдас қосылса,
Жолың болмас несі бар?!
Алыс жүрсең де, жолмен жүр.
Жолдасың жақсы болса
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.