Жолдас туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 98
Ақын өлеңдері жинағы: 63
Қанатты сөздер жинағы: 18
Әңгімелер жинағы: 12
Ертегілер жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 1

Жолдастарың күзеттегі саған сенеді,
Қырағы қыран көзіне сенеді.
Денсаулық ғаныбет,
Сырқаулыға болмаса.
Ер жолдасы - қатыны,
Ақ жаулығы болмаса.
Жаман жігіт
Жолдасын жауға алғызар,
Өзін ұятқа қалғызар.
Пышағыңды қайрап жүр, не соярыңды білсеңіз,
Жауабыңды сайлап жүр, жолдасыңның не сұрарын білсеңіз.
Жақсыны жолдасынан таниды.
Бөрі де жолдасына қас қылмайды.
Жарың - жан жолдасың.
Жолдастың мыңын алма, бірін ал.
Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.
Жолдасыңның жоғын қарас:
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.
Жолдасың соқыр болса,
Бір көзіңді қысып отыр.
Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.
Жорғалымен жолдас болма, жолда қаларсың.
Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.
Қазаға - сабыр жолдас.
Көңілі қаран
Жолдасынан айрылады.
Көп жасаған,
Құрдасынан айрылады.
Рақат пен қайғы жолдас.
Жора, жолдас не керек,
Жауға бірге шаппаса,
Арғымақ мініп не керек,
Жабыдан озып артпаса.
Жігіттің жайын
Жолдасына қарап жоры.
Шын жолдас сөзге берік —
Ерге серік.
Алыс жолға шығар болсаң,
Алдымен жолдасыңды сайла,
Жаудың алдын алар болсаң,
Алдымен қолбасыңды сайла.
Қасқырда қас қылмайды жолдасына.
Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.
Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
Жаман жолдас жауға алдырар,
Жаман би дауға алдырар.