Іс туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 180
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 53
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 131
Әңгімелер жинағы: 9
Эсселер жинағы: 2

Ынталының ісі лезде бітеді, енжардың ісі кейін кетеді.
Ынта, ықылас, пейіл деген мағынасы жағынан жақын сөздер. Қандай іске де адамның ынтасы..
©  Гүлтас Құрманбай
    Ердің ісін ауыр қылма, Сәйгүлікті жауыр қылма.

Сәйгүлік дегеніміз тұлпар ғой. Тұлпар атты жауыр қылатын адам (күте алмайтын) қандай..
©  Гүлтас Құрманбай
 Ауыр iстен қорықпа, Ауыр сөзден қорық.

Хақымызда: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» деген сөз бар емес пе? Ауыр жұмысты..
©  Гүлтас Құрманбай
Ісі іске ұқсамайды,Істен қолы босамайды.
Ақылдының бүгiнгi iсi кеше тынған.
Ақылды адам барлық ісін ойланып істейді. Асығыстық немесе, артық сөз айту ондай адамға жат.

Мақалдың сізге..
©  Гүлтас Құрманбай
Сүйіктінің әрбір ісі сүйкімді.
©  Жүсіп Баласағұни
Біреуді білгің келсе достасқалы,Істес бол, не жолға шық қостас-тағы.
Іші пысқан қатын ісі бардың ісін қалдырар.
Іс көп-темір аз,Ұста көп-көмір аз.
Сөз сөйлесе-ақылды-ақ,Іске келсе-ақымақ.
Шын қалаумен істелген іс тез бітеді.
Әр істің өз уақыты мен мекені болады.
Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін. 
©  Майқы би
Білімсізден де бір іс өтер,
Білімдіден де бір іс өтер.
Бүгінгісін ертеңге қалдырған ешқандай істі бітірмейді.
Бұ заманның ісін есті кісі бітірмейді,
Епті кісі бітіреді.
Бұл өмірге келген соң, жақсылық қыл,
Жаман істі жамандарға ғана қалдыр.
Болар істің біткені жақсы.
Басты бұзған балта,
Істі бұзған маңқа.
Басыңа іс түссе, билігің зая,
Үстіңнен жау түссе, ерлігің зая.
Басты балта бұзар,
Істі сайтан бұзар.
Бардың ісі пәрменменен,
Жоқтың ісі дәрменмен.
Барлық істі де ынсаппен істе.
Барлық істің басшысы — білім мен ұғым.
Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.