03.09.2022
  437


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ

Қақ жарған қасіреттің қара түнін,
Сақтаған бабалардың бар асылын.
Аспан- жердің арасын жалғастырған,
Жаса, жаса ардақты ана тілім!
Ана тілім- сертімнің семсері еді,
Ана тілім – Жанымның ең сенері.
Шексіз мұхит қазақтың ана тілі,
Әлемдік көкжиекпен өлшенеді.
Ғажайыптар тудырған ғасырыма,
Даламның тау куә, тасы куә.
Ұлтымның қарапайым жалғыз сөзін,
Бермеймін әлемнің бар асылына.
Менің тілім, зеңгір көк, айға самға,
Тұлпарлардың тұяғын тай басар ма?!
Ана тілін ардақтай алмағанның,
Жолы ашық болған емес қай-қашанда.
Ана тіл, маржан сөзім мөлдіресін,
Бақыт күнге жол алды енді көшім.
Тілім, рухым, дәстүрім аласармай,
Елдік туым биікте желбіресін!!





Пікір жазу