14.07.2022
  96


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қанағат

Жан жаратар жақсы істерің көбейсінші, жамағат,
Сабыр түбі жақсылық қой, болса кімде қанағат.
Ұшқан құстар әлі бітіп қаға алмаса қанатын,
Бір қара жер табылмас па демі жетіп, қонатын.
Жүрген пенде аз нәсіпке ырзалығын танытпай,
Қайтер еді жағалауға шығып қалса балықтай.
Жеткізбеуі мүмкін кейде қарға адым жер бір аттам,
Тоқал ешкі мүйіз сұрап, айырылған құлақтан.
Жемтікті іздеп жортып жүріп орға түскен барыстан
Қарсақ артық қас жауымен қасарысып алысқан.
Тар кепені хан-сарайдан артық көрген Жиренше,
Байпатшалар бабалардың мәрт мінезін үйренсе.
Құлқын қоймай, көзің тоймай – қанағатың бөгесе,
Шекер-балдан қара суың артық болар он есе..





Пікір жазу