23.05.2022
  141


Автор: Ерлан Рымбек

Қазақ тілім-ана тілім

Қазақ тілім – ана тілім, махаббатым,
Өсе берсін әрқашанда атақ-даңқың.
Сен бойыма қуат бердің күншуақтай,
Баурап алып жанымды шапағатың.
Қазақ тілім, қасиетті ана тілім,
Ана тілім, бесігім, бала тілім.
Шуағыңмен тамсандырып барша елді,
Бар әлемге таралған дана тілім.
Шабыт қыран қанатында қалықтадым,
Дәурен өмір беріп елге, халыққа мың.
Көк туыңдай Астананың биігінде
Желбіредім, елжіредім, шарықтадым.





Пікір жазу