01.04.2021
  488


Автор: Абай Құнанбаев

Қара қатынға

Қара қатын дегенге, қара қатын,
Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын.
Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,
Қазақтың не қыласың шарағатын1.


1 Шарағат (арапша) – шариғат, іслам дінінің жолы, заңы





Пікір жазу