25.10.2023
  113


Автор: Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Айти мамандары жайында

IT (айти) мамандары көп салаға бөлінеді. Әрқайсысының қызметтік жолы әртүрлі болып келеді. Олар:
— Компьютерлік жүйелер мен алгоритмдерді әзірлеушілері мен сарапшылары,
— Бағдарламашылар, компьютерлік мамандар,
— Электроника инженерлері, байланыс және аспап жасаушы инженерлер,
— Өнеркәсіптік роботтарға техникалық қызмет көрсету сияқты тағы да басқа салалары бар.
Бұл айти саласы қазіргі таңда ең қарқынды дамып жатқан сала болып табылады. Еліміздегі Digital Kazakhstan бағдарламасы арқылы әрбір саланы цифрландыру және ақпараттық технологиямен ұштастыру көзделіп отыр.
Кез-келген жастағы азаматтар мен азаматшалар осы саланы меңгеріп, оның белсенді маманы бола алады. Бұл мамандықты ұлдар да, қыздар да иемдене алады. Яғни ұлдарға да, қыздарға да сәйкес бола береді.
Айти мамандығын игергіңіз келсе матиматика мен физикаға жақын болуыңыз керек. Бейімдік пәндері аталмыш пәндер, яғни математика мен физика болып табылады.
IT маманы әлемдегі ең керекті және перспективті мамандықтардың бірі. Қазіргі таңда күн-күндеп дамып келе жатқан ғаламдық сала десек қате айтпағанымыз болар. Компьютерлік және мобильдік ойындар, бухгалтерлік бағдарламалар, редакторлар, мессенджерлер және т.б. күнделікті қолданатын бағдарламаларды айти мамандары дайындайды.
Сонымен қатар сайттар мен мобильдік қосымшалар дайындайды. Кез келген компанияға осындай қызметтер қажет болғандықтан, жұмыс табу қиындыққа соқпайды.
Бүкіл Айти мамандарына әрбір жасап жатқан істеріңіз сәттілікке толы болып, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер дегім келеді!





Комментарии

Әмзе Айлина
Әмзе Айлина 11.02.2024 19:30
Әдеби шығармалар

Пікір жазу