25.10.2023
  156


Автор: Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Компьютер жұмысы

Компьютерде отырып жүмыс жасау әр адамның қолынан келе беретін іс емес. Бірақ, қазіргі заман талабына сай әр адам компьютер жұмысын білулері міндетті. Қандай мамандық болмасын жұмыс жасауда компьютердің қызметін пайдаланатыны анық. Сондықтан компьютерді үйренуді қолға алғанымыз жөн деп білер едім. Компьютердің басты саласы ол —; бағдарламашы болыпт табылады.
Бағдарламашы - дербес, орнатылатын, өндірістік және басқа да компьютер түрлеріне арнап бағдарламалық жасақтама ойлап табумен, яғни бағдарламалаумен айналысатын маман. 
Қазіргі таңда жәймендеп белең алып келе жатқан бұл компьютер жұмыстары ертелі-кеш көптеген өндіріс орыны мен ұйымда автоматтандыру мәселесіне көшеді. Басқарушылардың көбі заамнауи ақпараттық технология жетістіктерін пайдалана бастайды. Біртіндеп жүзеге асып келе жатқан бұл компьютермен жұмыс жасауды ентеңгі күні, болашақта барлық өндіріс орындарында қолдана бастайды. Дәл осы себепті бағдарламашыны басқарушының қалауы мен бүгінгі күнгі жоғары технологиялар әлемі ұсынатын өнімдер арасында делдалдық қызмет көрсететін кеңесші деуге болады.
Бағдарламашы мамандарды бірқатар арнайы оқу орындары дайындайды. Десе де бұл салада өзге мамандық иелері де нәтижелі жұмыс жүргізуде. Кейде жоғары білім алмаған адамдар да бойындағы таланты арқылы мықты бағдарламашыға айналып жатады.
Мықты бағдарламашы болу әр адамның өз қолында. Ол үшін көп ізденіс пен қажырлы еңбек керек. Қандай сала болмасын сол саланы жетік меңгеру үшін ең алдымен таңдаған мамандықты жақсы көріп, жүрекпен, сүйіспеншілікпен оқу керек. Сонда сен таңдаған мамандығыңның жоғары, білгір маманы болып шығасың.
Бағдарламашы маман иелері! Әрбір істеріңіз сәттілікке толы болып, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!





Пікір жазу