25.10.2023
  253


Автор: Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Менің болашақ мамандығым — бағдарламашы

Қазіргі таңда ақпараттық-технологиялар ерекше қарқынмен дамуда. Сол себепті менің таңдаған болашақ мамандығым — бағдарламашы, яғни программист мамандығы. Бұл мамандықтың маңыздылығы сол — бұл мамандықтың қызметі көп сұранысқа ие болып табылады. Өйткені, қазіргі заман яғни жиырма бірінші ғасырды компьютер заманы деп айтсақ болады.
Бағдарламашы болу өмірдің әр саласында сұраныс тудыруда. Неге десеңіз, қандай мамандықты алсақ та компьютерді білуді қажет етеді. Компьютерді білмейтін мамандар жұмыстарын жақсы жүргізу үшін арнайы компьютер курстарын оқып жатады. Ал сіз компьютерді жетік меңгеріп алсаңыз компьютер саласын үйренемін деген кез келген маман иесіне ақылы түрде үйретіп табыс таба аласыз.
Бағдарламашы ғылым мен техниканың заманауи талаптарға сай өркендеуіне жол ашып отыр. Бағдарламашы болған адамның көзі ашық, көкірегі ояу адам деп айта алапыз. Өйткені ол бағдарламашы болу арқылы көптеген жаңалықтар мен ел қызметіне керек құнды бағдарламаларды аша алады. Бұрынғы уақытқа қарағанда қазір еңбек күшін адамдар емес технологиялар алмастырып, соның нәтижесінде өнімділік күрт артты. Ал оларды іске қосу бағдарлама аясында жүзеге асырылады.
Ендеше, мен осы бағдарламашы мамандығын таңдап, өз білімімді шыңдау жолында аянбай еңбек етемін. Мен болашақ бағдарламашымын! Менің қолымнан бәрі келеді, бағдарламашы мамандығын үздік оқып, биікке қол созамын, еліме, жеріме қызмет ететін боламын. Бағдарламашылар жасай берсін! Мен үздік бағдарламашы болып қайта ораламын, күтіңіздер!





Пікір жазу