25.10.2023
  81


Автор: Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Айти қызыметі

Айти қызметі — қазіргі таңда өте сұранысқа ие жұмыс. Себебі, қандай сала болмасын, қандай мекеме болмасын компьютерден іс қағаздарын шығарып, марапаттаулар керек болса да осы айтидің қызыметіне жүгігеді. Айти деп аты айтып тұрғанындай, айти саласы бүкіл іс-қағаздардың жоғары сапада жасалуын, компьютерлік қызметтер арқылы өздеріне керекті дүниелерге қол жеткізеді.
Айти маманы компьютерде отырып тапсырыс беруші адамның барлық іс-қағаздарын, сурет керек болса суретке түсіріп, оны әдемі, көркем етіп шығарып береді. Жазу, сызу, таблицаға жазу барлығы да осы айтидің қызыметіне кіреді. Кейбір жерлерде егов-тың да қызыметтерін жоғары деңгейде атқарып жүрген айти мамандары бар. Оларға деген сұраныс өте көп десек қате айтпағанымыз болар.
Жалпы айти қызметкері деп сол компьютерді жетік білетін, бағдарламашылар, компьютердің қыр-сырына қанық жандарды айтамыз. Расында да, қазір компьютерді білмесең, компьютердің ашылуы мен жабылуын, компьютерде отырып жазулар жазуды білмесең бұл дүниеден мақұрым қалғандай күйде боласың. Сондықтан компьютерді мектеп оқып жүргеннен бастап меңгеріп алсаң өсе келе компьютердің тілін біліп, онда жұмыс жасау кезінде қиналмайсың.
Айти маманы болу арқылы көптеген сұраныстарға ие жұмыстарды жасай аласың. Сол қызымет арқылы көптеген таныстарға қол жеткізесің. Сондықтан компьютердің тілін білу арқылы биікке қанат байлап ұша алатыныңды естен шығармау керек. Қандай мамандық болмасын компьютерді білгенің өзіңе жақсы. Өйткені, қазір барлық жұмыс, іс-қағаздар компьютер арқылы жасалатынын көріп жүрміз.
Айти мамандары! Компьютер саласындағы әр істеріңіз оңға баса берсін! Қызметтеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Тек қана алға!





Пікір жазу