25.10.2023
  92


Автор: Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Бағдарламашы маманы

Қазіргі жиырма бірінші ғасыр компьютердің заманы, интернеті жоғары дамыған ғаламтордың заманы десек қате айтқанымыз болмас. Расында да, қазіргі таңда барлық жұмыс компьютер арқылы жасалатын болды. Іс құжаттар керек болса, реферат сияқты оқуға қажетті дүниелерді дайындау үшін компьютерді пайдаланамыз. Тіпті ауруханадағы анализ қортынындысы барлығы да осы компьютер арқылы дайындалып отырады. Осы айтылған жайдардың барлығын реттеп беретін, сайтты жасап керекті қызметіне ұсынатын бағдарламашы маман болып табылады. Олардың қызметі заман талабына сай аса қажетті мамандық.
Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман. Осы мамандардың жұмысы арқылы өзімізге қажетті керек бағдарламамызбен жұмыс жасай аламыз.
Бағдарламашыларды үш салаға бөлінеді. Олар:
1)Қолданбалы бағдарламашылар — көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысатын мамандар. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқыза аламыз.
2) Жүйелік бағдарламашылар — операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар, олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасай алады.
3) Web-бағдарламашылар — желімен жұмыс жасайды. Олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады.
Осындай қызметтерді міндеттейтін бағдарламашы мамандардың жұмыстары бұл күндері біздің қоғамға өте керекті мамандық. Іс-қағаздары болсын, басқа да қызметтердің түр-түрін жасай алатын бағдарламашы мамандарға сұраныстар өте жоғары десек те болады. Өйткені, жоғарыда айтып өткенімдей қазіргі заман компьютер заманы екені даусыз!
Бағдарламашы (прогороммист) мамандығын таңдап, осы мамандықтың білгір маманы болсаңыз ертеңгі күніңіз жарқын болары анық! Бағдарламашылар жасасын! Бағдарламашы тек қана алға! Қызметтеріңіздің жемісін көре беріңіздер!





Пікір жазу