15.10.2023
  115


Автор: Әкім Ысқақ

Еліктей ең, ерке едің

Еліктей ең, ерке едің.
Жоқ-ау саған тең баға...
Сенсің менің ертеңім,
Бақыт құсым сен ғана!

Жанарыңда балдай мұң,
Мөлдірейді сырың көп.
Қиялымды самғаймын,
Сенің ғажап нұрың боп.

Армандаймын күні-түн,
Ойым шығып заңғарға
Жетелейді үмітім,
Аппақ – аппақ таңдарға.

Үмітім де, арым да
Сеніп жүрген шақтарым.
Бақытым да барым да –
Өзіңді іздеп тапқаным!





Пікір жазу