15.10.2023
  109


Автор: Әкім Ысқақ

Мұңайдым, зарықтым

Мұңайдым, зарықтым,
Тағдырмен егесем.
Күз келіп жабықтым,
Сағынттың неге сен?

Шуақ боп тарайтын,
Күнге бір теңесем,
Ардақтым, арайлым,
Ұзадың неге сен?

Өткізіп күн, айды,
Сағындым, жар салдым!
Сарғайсам шырайлым,
Тек сені аңсармын!

Жүректі тербеген
Жарқ еткен елес ең.
Мұңдасым сен деп ем,
Сыр бүктің неге сен?!

Жүрген бе сезілмей,
Үзік сыр мендегі.
Қаласаң, өзіңдей
Бағала сен мені!





Пікір жазу