02.04.2023
  165


Автор: Серікбай Оспанов

Қанағат

Айтып кеткен ойлылар:
«Қанағат тек тойдырар.
Қанағатсыз, тойымсыз
Жалғыз атын сойдырар», –
Дейді атам бəріне,
Тоқталып сөз мəніне.
Мөлшерден көп ішсеңіз
У болады дəрі де!
Əр сөзінен сабақ ап,
Атамды ел жүр бағалап.
Ұзақ жасау үшін де
Керек екен қанағат!





Пікір жазу