06.10.2022
  357


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ – ОТАНЫМ

Отанның барлық өлкесін сүйем,
Таулардың биік өркешін сүйем.
Өзеннің қатты ағынын сүйем,
Шуақты күннің жалынын сүйем.
Бақшаны сүйем, жапырақты сүйем,
Қоп қоңыр майда топырақты сүйем,
Жазымды сүйем, көктемді сүйем,
Қызғалдақ толы көк белді сүйем.
Қысты да сүйем, күзді де сүйем
Ақ қардан таза жүзді де сүйем.
Себебі, отан дəм-тұзын таттым.
Орманды сүйем, даланы сүйем,
Гүл өскен қалың араны сүйем,
Теңізді сүйем, көлдерді сүйем,
Құс ұшпас ыстық шөлдерді сүйем,
Бұлбұлды сүйем, кептерді сүйем.
Жайылған қозы көктерді сүйем,
Үйректі сүйем, қаздарды сүйем,
Жайдары жарқын жаздарды сүйем
Себебі Отан дəм-тұзын таттым.





Пікір жазу