Ажырасу – мені балаларымнан айырды. Осыдан он жыл бұрын Марат көзіме шөп салғандықтан өзім ақ босағасын аттаған үйім мен үш баламды тастап кеттім. Өмірлік жарым күнделікті шаңырағымызға келіп, хал-жағдайымызды сұрап жүретін Жұлдыз есімді әйелмен төсектес болыпты. Жақын құрбыма айналған жан мен жарымның опасыздығы жаныма қатты батты. Осылайша үш ұйықтасам түсіме кірмеген жайт отбасымның ойранын шығарып, балаларымнан айырды
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі, Бірақ оған адам аз бас иетін. Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, Кейбіреулер түсінбес қасиетін. Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды, Орыс тілі сіңген ғой санамызға. Неге олар «тілім» деп қуынбайды, Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба? Бұл менің ұлтты сүйген .....
Құрметті оқырман осы мақалада Қазақстан туралы өлеңдер жинағын авторын жаздық. Тағы да қандай өлеңдер осында болу керек деп санайсыз, онда астында өлеңнің толық нұсқасын авторын атын жазып қалдырыңыз! Қазақстанымыз өркендей берсін, ағайын!
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. (Фариза Оңғарсынова)
Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?! Барлық адам табиғаты керемет, ауасы таза ауылдан шығады. Ал сол ауылда сенің ыстық алақаны бар анамыз, алатаудай әкеміз, туған-туысқандарымыз, жора - жолдастарымыз, білімін аямаған ұстаздарымыз барлығы, барлығы да сонда. Бұл жерде менің уайымсыз, шаттыққа толы балалық....
Мақсат Дауылбай – жас ақын, Халықаралық, Республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері. «Самғау» жастар сыйлығының иегері. Қызылорда қаласы әкімінің стипендияты. Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. (Фариза Оңғарсынова)
Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?! Барлық адам табиғаты керемет, ауасы таза ауылдан шығады. Ал сол ауылда сенің ыстық алақаны бар анамыз, алатаудай әкеміз, туған-туысқандарымыз, жора - жолдастарымыз, білімін аямаған ұстаздарымыз барлығы, барлығы да сонда. Бұл жерде менің уайымсыз, шаттыққа толы балалық шағым өтіп жатыр. Осы қазақ халқының барлық танымал шешен, ақын адамдарының барлығы ауылдан шығады. Шыны керек, қазір....
Туған жер – алтын ұям,байтақ мекен Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған. Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған!,- Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлап кеткендей туған жеріміз алтын ұямыз. Кең байтақ сахарамыз бойында қасық қаны қалғанша жан алып жан беріп арпалысып өткен бабаларымыздың батырлығымен бізге жеткен ұлы даламыз. Миллиондаған жылдардың белесінде....
Ғаламның барлық ғажайыбын, жер жүзінің бар сұлулығын бойына сыйдырған бір ғажайып өлке бар. Ол - түсінгенге əр адамның кіндік қаны тамған ауылы.
"Бір əңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Одан артық рақат табылмайды", - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, менің де балығы шоршып ойнаған, бақасы тайдай тулаған қарт Каспийдің жағасында орналасқан ауылым бар. Біздің ауылдың үлкен-кішісі бірдей қазақтың салт-дəстүрін сақтай біледі, түтіні түзу ұшқан шаңырақты жақтай да біледі. Ауылымның көнекөз қариялары өлкенің өткені жайлы ой қозғағанда «Бұл жердің тұрғындарының басты кәсібі-балық шаруашылығы болған, осы.....
Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Ерте, ерте заманда бір қыстақта Айсұлу атты әйелдің сіңірі шыққан күйеуі мен жеті ұлы болыпты. Жеті баланы бағу үшін Айсұлудың күйеуі Құдайдың құтты күні атызға барып, еңбек етіп, түн жамыла оралса, Айсұлу әр күні табанынан тозып, өзеннен су тасып, тоғайдан отын әкеліп, тамақ жасау сияқты күні бойы үй жұмысын істеп, жанына әмір болмайды екен. Ал, олардың жеті ұлының жалқаулығына жаһан да жан жетпейді екен. Күйзелген күндерінде де әке-шешесіне олардан қайыр болмапты. Қасірет шеккен ана Құдайдан құлшылық қылып, құлдық ұрыпты: «Құдай-ау, бізге тағы бір бала бере гөр! Берген балаң қара жанымызға қайырымды болсын» деп тіленіпті. Күндердің бірінде Айсұлу жүкті болыпты. Бала көреді. Көрген баласы—бала емес, салақұлаш жылан болып шығыпты. Оның үстіне ол туыла салысымен жер бауырлап, үйден шығыпты да тоғайға еніп, ғайып болыпты. Ежелден сормаңдай Айсұлу өзінен туған баланың бала емес, жылан екенін, оның тағы кетіп қалғанын көріп, тіпті де қайғыға батыпты. Сөйтіп, өзінің бақытсыздығына бола, бірнеше күн көзінің жасы құрғамапты. Бір күні Айсұлу түс көріпті. Түсінде жылан баласы өзінің қойнында жатқан екен: «Шеше, мен үшін мұнша қайрат шеккеніңіз не? Мені қарғыс атқан. Сондықтан жыланға айналып, туылып отырмын» депті баласы. «Қандай қарғысқа қалып едің?»—деп сұрапты Айсұлу. «Мен бұрын байлығым басымнан асқан адам едім. Сол дүниеден ешқашан да жан пендеге, тіпті ақ сүтін емізген анама да соқыр жармақ ұстатпадым. Байлығым басымнан асып, төгіліп жатса да шешем аштықтан өлді. Менің бұл күнәмді қара жер көтермейді ғой. Сондықтан менің аруағым жыланға айналып, бұл дүниеге қайта келіп, бармағымды тістеп отырмын.....
Балабақша ауласы 1 - Қыркүйек - Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды. Қастерлемес даңқын кім, Қадірлемес салтын кім? Әнұраны елімнің, Үні, Тілі халқымның! (Әнұран орындалады)
Жүргізуші: Сәлем, достар, балалар! Жаңа білім күніңмен! Білім - күні мереке, Ән салсам да әдемі. Туған тілім - береке, Сөз арнасам кәделі!...
(Назым Хикметтен) Туысқандар! Айтар сөзді мен бүгін Тапсам әрең. Ақтарар көңілдегі Бар сырымды, Қалдырмай баяндайтын Бар шынымды, Ұғарсыңдар себебін Оның неден? Бесінші.күн тым ауыр Аштық деген, Менің басым ауырады. Азия, Америка, Европада Тілектес бостандыққа Туған — бауыр......
Кез-келген адамның өмірінде махаббат атты киелі сезім бір оралары хақ. Мұны әркім әрқилы ұғынары және бар. Сұлулығы көздің жауын алған, сымбаты жүрек сыздатар жаныңды қоярға жер тапқызбас нәркезкөз аруларды шыққыр көзін шалғанда, қандай күй кешесін?! Бармақ тістеп, ойыңды астан-кестен етеді-ақ. Жә, бұл жай әләуләйім ғой... Бәрінен бастан кешкен, өзің куә болған Азат пен Айдананың арасындағы хикаяны сөз етіп көрейік. Жаздың жаңа ғана ыстық үрлер уағы. Бірнеше күн шойын жол шиқылы миды жеген солдат вагонынан құтылар сәтке сәл ғана уақыт қалған. Туған жер! О, неткен ыстықсың. Неткен ғажапсың?! Сенің құшағында жүргенде біз мұңдар сезінбеппіз ау! < br /> Вагоннан поезд тоқтар-тоқтамастан секіріп түстім. Жерді құшақтап, аймалап, қайраң анашымның құшағында тұрғандаймын. Айналамда не болып жатқаныммен шаруа жоқ. Екі жылғы сағыныш, наз, күйініш, жапа бәрі-бәрі тізбектеліп, көңіл таспасынан жылдамдатқан түрде өтіп жатты. Әсіресе батыстық ұлтшылдықтың, қорлаушылықтың шеменді сәттері оған қарсыласқан менің қылығым өзекті өртеп, көзімнен жас болып парлап жатты...көзімді сүртіп, басымды көтерсем, әкем Айдар, інім Данияр тұр ектелеп. Ұшып тұрып әкемнің апайтөс құшағына қойдым да кеттім. Бұрын менен еңселі, қақпақ жауырын әкем еңкіштеніп қалған сыңайлы. Сағыныш мауқымызды басып, жөн-жоба сұрастық. Әкемнің көк “Жигулисімен” әп-сәтте үйге де жеттік. Біздің көк шатырлы үйдің маңы нөпір адамдар. Ауыл адамдары. Бәрі менің әскерден келген салтанатыма жиналыпты. - Пәлі, Айдар мен Күләш ақ түйенің қарнын жарар. Бүгін жасамаған той енді қашан жасалар. Өзі еңгезердей, аптал азамат болыпты. Әке-шеше тілеуі осындай-ақ болар......
Бұл парақ жолдарын алғашқы махаббатым туралы жазамын. Мен өмирде алғаш сүйіп,алғашқы махаббатымды кездестірдім. Ол сондай көңілді,ақылды,қызғаншақ,сүйкимді ,мейірбан жан. Оны алғаш рет мектепте кездестірдім. Оқушымыз ол 9 оқып жатқан,ал мен ерке 8 сыныпта оқитынмын. Өмірде махаббатсыз өмір сүру мүмкін емес-ау. Махаббат бірде қуаныш,бірде қайғы. Ол маған алғаш рет телефон соққаны,алғаш рет онымен сөйлескенім,маған сөз айтқаны бәрі бәрі әлі күнге дейін есімде. Ол қандай болмасын мен оны ұнаттым, шын сүйдім. Мен оны мектепте көргенде менен бетер бақытты жан жоқ секілді көрінетін. Сөйтіп ол 9 бітіріп қалаға оқуға кетті. Ал мен 8 бітірдім. Осы уақыт аралығында ол айтатын жаным 3 жылдан сон уйленейік деп. Несін жасырайын ол маған оқуынан кейін маған мектепке келіп тұратын байланыс үзілмеді. Сағынышымыз ұлғая түсті. Арамызда келіспеушіліктер болып тұрды, түбі татуласатынбыз. Күндер өте ол да өзгере түсті. Мен естіген жаңалықтар менің шын сүйген махаббатым туралы болатын. Шын ба ,өтірік па мен оны сондада сүйдім.
Сүюден жалықпадым. Ол менің жүрегімді жаулағанда ,жаралағанда жан еді. Көзімді ашсам да жұмсам да түс көрсемде ,терең ойға кетсем де , сол бір сүйген жаным,алғашқы махаббатым. А----— көз алдыма елестейді де тұрады. Ол маған айтатын СҮЙЕМІН сен үшін бәрін де істеймін,түбі бірге боламыз деп. Сүйдік,сағындық,кездестік асыға. Кешкі уақыттар,кездескен жерлер,жүрген ұзын жолдар ұмытылмас. Сағынған күндер,күндер көруге асықтырған......
Әңгімемнің басын қалай бастарымды да білмей отырмын.. Талай жылдар поэзияны жаныма серік еткен болсам да, осы бір хикаямды жазуға жүрексініп жүрген едім.. Колледждің екінші курсында оқып жүргенімде интернет арқылы Н*** есімді жігітпен таныстым.. Онын өмірге деген көзқарасы, адамдармен қарым қатынасы, сіз деп сыйлағанының өзі ешкімге ұқсамайтын еді.. алғашында күнде жазып тұрды..сонда да сіз сіз деп сыйлап тұрған соң, оның көңіліне аса мән бермедім, тіпті ағам ретінде қабылдадым.. Ортақ достарымыз болған соң, бір күні достармен бас қостық..олардың арасында Н*** да бар.. Тағы да..алғаш көрген сатте қатты ұнамады десем де рас.. мен үшін тым дұрыс, тым жақсы адамдай көрінді.. Достарымыздың бас қосуы да жиілеп, ол да маған хабарласуын жиілетіп жіберді..
8 наурыз күні сыйлығымен келіп, ұсыныс жасады. Оны қатты ұнатпағандықтан келісімімді бермедім.. ал ол болса, сізді қанша болса да күтемін деп соңғы сөзін айтып кетті.. Күнде хабарласып тұруын тоқтатқан жоқ.. Осылайша кішкене уақыттан соң мен оның қызына айналдым.. Шыны керек алғашында жай ғана ұнатып кездескеніммен кейін оны қатты сүйіп қалдым.. Бақыттан басым айналып, оны коөуге асығатын болдым.. Сабағыма да зер салмай, құрбыларыма да уақытымды бөле алмай, күнде үйге кеш оралатын болдым.. Мұндайымды бұрын көрмеген анам, бір күні үйдің алдында мені тосып тұр екен.. Хабарласып, жанындағы жігітінмен кел, көріп танысуым керек деді.. Ұялғаннан жерге кіріп кетердей болып, екеуміз де анамнын жанында басымыз төмен қарап тұрдық.. екеуі танысты.. үйге кірген соң анам оны ұнатқанын, және оған сенетінін айтты.. осылайшы арамызда ешқандай сыр, ұрыс, жұмбақ дүниелер жатпайтын еді.......
«Агент» деген нәрсе қазіргі жастарды таныстырып қойма, сүйіктілерін табуға көмектесіп, үйлендіріп жататын кездері болады. Бұны Евгений мен Юлия өз бастарынан өткізген.
Әңгімелеп жатқан Евгений: « Мен бала кезімнен биіктікті жақсы көретінмін. Мүмкін содан болар ұшқыш болуды, соның ішінде тікұшақта ұшуды алға мақсат етіп, Ақтөбе қаласындағы әуе қорғаныс күшінің әскери институтына 2008 жылы оқуға түстім. Шынайы махаббатты мында кездестірем деп ойлаған емеспін. Маған өзімнің туған жерімдегі Алматыдағы Ұржар ауылындағы қыздар ұнайтын» - деп өзінің әзілдегенін күлкісімен білдіріп қойды. Мен үшін қыз бала мінезімен көрікті.
Партаға жазылған ұялы телефон нөмір менім өмірімді түбегейлі өзгертеді деп ешкім ойламаған еді. Мен телефон арқылы агентте кешкі уақытта өте жиі отыратынмын. Ауылдағы достарыммен, бауырлармен хабарласып, жаңалықтармен алмасып отырған сәтте ішім пысты ма? Әлде зеріктім бе? Білмеймін!? Әйтеуір Ақтөбенің сұлуларының бірі Винокурова Юлия дегенге достық жіберіп отыра бердім. Сонда мен қыздар да соншама көкірек бар екенін көрдім. Ол мені ұзақ уақыт қабылдамады. Бірақ менің әңгімемді онымен ұзақ болмады. Мен оған «сіз маған нөміріңізді беріңіз! Егер әңгімеміз жараспай жатсса, мен сізді мазаламаймын»-дедім. Сосын ол маған номерін жазды, оны жазып алапр қағаз , не қалам таба алмай онын нөмірін қарандашпен партаға жаздым.
Уақыт өткен соң жүректе бір жылулық пайда бола бастады......
Семейге көктем ерте келді. Бірақ тосын келді. Біреуге - жол, біреуге - қор болып келді. Десе де, көптен бері көңілімде жүрген көмескі ойды сеңдей соғып кетті. Жол болды дегенім –өз басым шын сүйгенімді кездестірдім. Қор болды дегенім –маңайымдағылардың махаббаты. Осы әңгімесымағымды жазуыма ықпал еткен, қарындасымдай көретін қазақтың қаракөз қыздарының бірінің басынан өткен әңгімесі еді. Ендеше сөзімді «жол болдыдан» бастайын.
Шынымен де менің жолым болғыш. Семейдің білдей бір зәулім университетінде оқып жатырмын. Талайлар бұл орынға түсе алмай быжақтап жүр, ал мен ұйқтап жүріп, тәлейім болып түсіп кеттім. Содан арқаны кеңге салып, Өскеменге, жүріп жүрген қызыма аттандым. Албырт көңілім алып ұшты ғашығыма.
Сәскеде Ертіс бойында Қаракөзбен кездестім. Қол ұстасып, қауышып, жағалауда көп жүрдік. Кешкісін оны биге шақырдым, дос қызымен келді. Есімі- Гүлмира. Сол түні бидің түбін түсірдік.
Ертесінде түстен кейін Семейге кайтатын болдым. Қаракөзбен қимай-қимай қоштастым. Ол суық қоштасты...жанарында қимастықтан гөрі қиналыс бар......
Терезеден сығалаған күн нұрының алтын сәулелері бөлме ішіне тінтіне қарайды. Бәлкім ол да аруымның ай дидарлы жүзіне ғашық па екен «ә». Аймаламашы оны, ары кетші десем Алладан ұят боларма? Бір пендесін періштедей жаратып, бәрімізді қызғандырып қойғанын қараңызшы. Тіпті мен адам түгіл ана аймалаған күннен, сүйіп үпкен самалдан, құлаң шәшын жуып өткен жаңбырдан бәр- бәрінен қызғанам, өртенем. О. Тәйірі сірә саған бар әлемнің сұлулығы сыр боп тұнған ба екен, бүкіл өмірім бір қиылып түскен бұрымымның құнындай ғана шығар- ау. Қара көз айым қадалған жанарынан тараған бір ыстық жалын өне бойымды шарпып барады. Санамның азғантай салауатын сұлулықтың, сиқыр сезімнің пірі жеңіп, сайарда зарла қызыл тіл байланып, көп сөздерім көмейге тығылып, көңілде көбіршіп қалып барады. Бір күш булығып тулайды... есімнен танармын. Пай, пай мынау аппақ дүние, сондағы кіршіксіз ұлпа қар болсаң, сені таптар аяқтардың бәрін матап тастар едім, солай да ақ сәуле періштем нәзік, монтаздай жүрегіңе тинамдай ноқат, сызат түсірсем кешірілмес күнәға белшемнен баттым деп өкінер едім. Мөлдір жанарыңнан бір тамшы жас найзадай кірпігіңнен суырылып кетсе, ол маған көп, ол көл болып көрінеді. әттең пенделер арасындағы періште қыз сен мені түсінермысың?! Білем он сегіз мың ғаламды жаратушы раббым, періштелерін нұрдан жаратқан. Олар тамақ ішпейді. Жемейді. Тек Алланың құзырына қызмет етеді. Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтады: аспанда төрт саусағың сиярдай бостық жоқ, раббісіне сиынған сансыз періштелер бір бөлімі сәждеде жатыр, бір бөлімі қиямда тұр. Олар неше мың, миллион жыл, өтсе де, ұлы жаратушысына зікір етіп тұра бермек» дейді. Ал адамды Алла тағала әуелі топырақтан жаратқан. Біз өткінші мынау дүниеге сынақ етіп жіберілген пенделеріміз, әлсіз құлдарымыз ғой. Демек күллі мадақ, ұлылық бір ж аратушыға ғана тән. Ол жалғыз......
Жиырма сегізінші наурыз сенің туылған күнің және екеуміз танысқан күн. 2007 жыл...Сенімен танысып та, махаббаттың татті дәмін сезініп те, сенен айырылып та үлгерген жыл. Өмірімдегі сынаққа түскен қиын жылдардың алғашқысы осы шығар. Аллам қатты сынады. Отбасымызда болған жәй бір есеңгіретіп, тіпті есейтіп жіберді. Ол аздай саған деген сезімім миымды жаулап алды. Бұлай құлай сүйем деп кім ойлаған. Қалай өмір сүріп жүргенімді өзімде білмеймін. Сағаттар, минуттар сені ойлаумен өтеді. Сенімен айрылысқаннан кейін қыркүйееееек, қазааааан деген айларға жету мен үшін қорқынышты еді. Бірнеше ай емес, алдымдағы бір аптаны сенсіз елестету қиын болатын. Сенің үнсіз жоғалып кеткіненің қатты соққы болып тиді. Сенімен кездеспей тұрғанда қалай жүргенмін, білмеймін. Сенімен кездескенде мүмкін өмірдің мәнін, махаббаттың тәтті дәмін сезініп қалдым ау деймін. Жүрегімдегі махаббат сезімін ояттың да, озің жоқ болып кеттің. Сені аңсап тұратын болдым. Сонда да пенде болған соң өз өміріңді сүресің. Сабақ. Үй. Достар. Бәрі орнымен жүріп жатты. Білесіңбе соның бәрі ненің арқасы. Жүрегімнің түбінде сенімен қайта қосылатыныма үміт бар. Өйткені сенсіз өмір сүре алмайтындаймын. Ол үмітсіз тіптен өмір сүре алмаймын. Кундер өткен сайын, уақыт өткен сайын менің бекер үміттеніп жүргенімнің белгісі еді. Сонда да үмітсіз-шайтан. Солай сабақ бітті. Жазғы каникул. Үйдемін. Бәрі жұмыста. Күні бойы үйде жалғызбын. Ең сорақысы осы екенғой. Ой жеп жібереді. Сағынамын. Екеуміз қыдырған парктің жанынан өту тіпті азап. Жүрегім шымырлап кететін. Ой айта берсем........ Сосын күнделік жазуды бастадым. Жаза беретінмін. Жаза беретінмін......
2012 жылдың 18-қыркүйегі болатын... Кеш түсіп, дос қыз екеуміз аллеяға жүріп қайтуға бел байладық. біраз жүрдік, енді үйге қайтар жолда алдымыздан бір жігіт өтті... өте қатты қарады, менде не болып қалды дегендей қарадым... Жанымнан өте кетті. Қасымдағы қ ыз екеуміз оның сонша қарағанын әңгіме қылып барамыз... арада 1-2 минуттай өтер өтпестен жанағы бала жүгіріп келіп: МЫ НЕ ЗНАКОМЫ? деді, ал мен оған:НЕТ десем, А МОЖНО дей берді. Жарайды, бізде келістік, сонымен таныстық, есімі Аманбек екен, былайша айтқанда көршіміз болып щықты (соседский домнан). сонымен ол жалғыз емес екенін айтты, қасына досы келді(Дархан), оныменде таныстық. досын бір көріп ұнатып қалғандаймын... Біз үйге қайтатынымызды айттық, телефон номерлерімен алмастық. Сол күн" 1 сағаттан соң досы яғни Дархан звондап шыға аласынба д еді, барібірде үйде айналысатын ештене жоқ, студенттік кез болған соң қарсы емес екенімді айтып, шықтым. Жақыннан таныстық, Семейдің жігіті болып шықты, ал мен Шымкенттің қызымын. бір қызығы екеуміз екі жақтын адамымыз, ал таныстық Қарағанда қаласынын дәл орталығында,ия өмірдің сыйы өте көп екен. Мен Қарағанды қаласына оқуға дайындалып жүргенімнен бастап-ақ анам маған басқа қалаға тұрмысқа шығып кетіп жүрме, өзіміздің Оңтүстікке шық, ертенгі күні өзін қиналып қаласын дейтін.
Біршама уақыт өтті, ал біз күнде-күнде сөйлесетінбіз... бауыр басып қалғандаймын. 23-қыркүйек күні менің туылған күнімді атап өттік, Дарханда өз достарымен келді. Туылған күнімде болған құрбыларыммен таныстырдым, Дархан кеткен соң, құрбыларым Дарханды бір көргеннен ұнағанын. және екеуміз бір-бірімізге сай екенін айтты. Қыркүйектің 24-жұлдызы, Дархан кездесуге шақырды, мен бардым, сол күні ол мені қатты ұнатып қалғанын, оның қызы болғанымды қалайтынын айииы, менле оны қатты ұнатып, аз ғана уақытта бауыр басып қалған болатынмын. Мен қызы болуға келістім. Уақыт өте берді... өте берді........
Міне, мәре-сәре болып жүріп кеште батып қалды. Үйде бала –шаға атаулысы толып жур. Ақжүніс жаз мезгілінде атасы мен әжесінің үйінде демалысын өткізеді. Туылған шағынан – ақ осы осы үйден тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге алды. Кейіннен 12 жасында әке – шешесінің үйіне көшіп барды. Содан бері атасы мен әжесінің үйіне сенбі сайын ғана баратын болды. Әр сенбі сайын бұл уйге қыз – ұлдары, немерелері жиналып, бір бас қосатын күн болатын. Бір – бірімен әңгімелесіп, шер тарқатып, күліп – ойнап, шуылдап кешке үй – үйлеріне қайтатын. Ақжүніс жаздық демалыста болған сон, ата – әжесінің қасында қонуға қалады. Бәрі жиналып кеткен соң, ол күні бойы жиналған ыдыс – аяк, анау – мынау ұсақ – түйектерді жинап, реттеп жүріп үйге бірақ кіретін... ...Ақжүніс өте арманшыл қыз. Махаббат, өмір тақырыбында бірнеше тақпақ шығарып, өзінің жеке дәптеріне жазып жүретін. Бірақ, бір қызығы бұл өнері туралы жақындары мүлдем білмейтін. Себебі, кішкентай кезінен ұялшақ болып өскен қыз, өлең – тақпақ шығаратынын ешкімге айтқысы келмейтін. Ұнамай қала ма деп қорқатын. Оның мектепте бірге оқитын, сырын, мұңын айтатын жалғыз құрбысы болады. Есімі Арайлым. Ақжүніс оны туған сіңлісіндей көріп, әрдайым Арайлымнан көмегін еш аяған емес. Ақылын айтып, сырын айтып, мұң – шерін тарқатып сеніп журген , өзгеден артық көретін құрбысы Ақжүністің көңілін қалдырады. Бұл оқиға тек екеуінің аралында қалады. ақжүніс өте өкпелі болады. сенген қойым сен болсан, кесегенім не болады, - дегендей, сенген адамы, арқасынан пышақ сұнғандай болады. Осымен екеуінің бір – біріне деген ара – қатынасы лезде суып кете берді. Ол кезде Ақжүніс І курсты бітірген. Сол кезде оның Сезім және Үміт атты құрбылары болады. Ақжүніс, осындай түсінігі мол, қарапайым, ашық мінезді, сулу жандарды кездестіргеніне қатты қуанады......
Маған 26 қараша күні агентте бір бала достық хатын жіберді.Өзінің есімі кездеспейтін есімдердің бірі.Екеуіміз таныстық,бірақ көп сойлескен жоқпыз мен агенттен шығып кеттім.Кейін 28 қараша күні агентке кірдім,ол отыр екен.Сосын біраз әңгімелестік өзіміз жайлы айттық.Ол өлең жазғанды жақсы көреді екен.Маған арнап бір өлең шығарды.Сөйтіп біраз әңгімелестік,жүрегі таза жігіт екен маған ұнады.Содан менің нөмерімді сұрады,мен бердім де,агенттен шығып кеттім.Содан бір кезде түнгі сағат 11де мынандай смс жіберді:Әлемдегі ең сұлу қыз Айко қайы рлы түн,тәтті түстер көр деп,қасына атын жазып жіберді.
Мен қуандым оғанда жауап жаздым.Сөйтіп келесі күні бірімізбен жақын араласып кеттік,сосын бір күндері арамызда махаббат сезімі пайда болды.Өзімде қалай ғашық болғанымды білмей қалдым.Ол маған күніге өлеңдер шығарды.Бір күні маған өз сезімін білдіріп,"қызым боласын ба,мен сенің жүрегіңе ешқашан дақ түсірмеймін деді."Мен басында таң қалдым,сосын ойланып келістім.Күніге өлең жазып менің жүрегімді жаулады,күннен күнге бір-бірімізді сүйе бастық.Телефонмен сөйлестік,ең алғаш даусын естігенімде қобалжыдым,ұялдым.Сөйтіп оған қатты бауыр басып қалдым.Бір-бірімізді бір айдай жақсы танып білдік.Бір күні кездесуге шақырды.Кездестік,кездескен күніміз қыстың бір суық мезгілі.Ол мені ұнатты,мен оны ұнаттым.Сөйтіп екеуіміз кездесіп жүрдік,бір-бірімізге сондай бауыр басып қалдық.Мен оны өмірден артық жақсы көріп қалдым.
Кездесіп жүрдік мен онымен кездескенде сондай бақытты болып жүретінмін,тезірек кездессек ғой деп асыға күтетінмін.Біз өзіміздің арманымызды айтып,соған жетеміз деп уаде бергенбіз.Мен оны басқа қыздардан қызғанатынмын.Өзінен екі жас үлкен бір қыз оның артынан қалмайтынын айтқан болатын маған.Мен оны білгенімде жаман қызғаншақ болып кеттім,мен сол қыз оны дуалап немесе менен тартып алады деп жаман қорықтым.Бір күні ол ауырып қалды,мен қатты уайымдадым.Қатты ауырғандықтан оған больницаға жатуға тура келді,сөйтіп ол озінің туған жер і Таразға кетті.Кетерде маған:"мені күт,бір айдан кейін емделіп тез келем деді......
Бұл әңгімені маған біздің ауылдағы Нәсіп шешейдің аузынан жазып алған болатынмың. Біздің ауыл Жаңа қала деп аталады. Онда қырық – елу шақты үй бар, - деп бастады Нәсіп шешей әңгімесің. Кешкұрым жастар көшеге шығып, ауыл шетіндегі көл жағасында ән салатынбыз. Менің ең жақын достарымның бірі Ерке еді. Ерке бір күні маған: - Нәсіп, саған бір нәрсе айтсам, ешкімге айтпайсың ба? – деді. - Жоқ, де дім. Ол қойнынан бір парақ қағаз алып, қолыма ұстатты. Қағазды ашсам Еркеге жазылған “ғашық хат” екен. Мен қатты таңғалдым: - Мәссаған, хат жазған кәдімгі 11 сыныпта оқитын сұлу жігіт, барлық қыздың арманы болған Асан ба? – дедім. - Иә, деді Ерке жүзі бал – бұл жанып. Сөйтіп, Ерке Асанмен дос болып жүрді. Бәрі бұл екі ғашыққа сүйсініп, қызығатын. Екеу кешке көшегі шығып, табиғатта серуендейді, сырласады. Болашақты армандайтын ол бірде “біз келешекте неше сәби сүйетінімізді де ойластырып қойдық” дегені. Мен қызығып “нешеу?” дедім. Ол “он” деп барлық саусағын көрсетті. Екеуміз мәз болысып күлдік. Осылый ең қызықты да бақытты күндер зымырап өтіп жатты. Бір күні Асанның сыныбына басқа қаладан Нағима атты бір қыз оқуға келді. Қалада өскен қыз өте еркін еді. Үнемі Асанның қасынан қалмайтың. 8 – наурыз болаттын. Мектепте би кеші болды. Асан Ерекмен биледі. Бәріміз екі жұпқа қызыға қарап тұрып қалдық. Сол кеште Асан мерекемен құттықтап, Еркеге әдемі сағат сыйға тартқан. Би кеші аяқталып, үйімізге тарап бара жатқанбыз. Бір кезде “ Асан, бері келші” деген Нағиманың дауысын естідік. Бәріміз таңырқап, жалт қарастық. Асан “мен қазір” деп жүгіріп кетті. Аз уақыттан соң қайтып келіп: - Кшірініздер мен Нағиманы үйіне апарып тастайын. Қасым, сен қыздарды үйлеріне жеткізіп саларсың, - деді де кетіп қалды.....
Мен Ақтөбе қаласының қызымын. Қазір Таразға көшкеніме 10 жылдай болды. Менің жасым қазір 18,осы уақытқа дейін бірде-бір жігітпен жүрмедім десем не құрбыларым не достарым сенбейді.Өзім сұлумын,шын сөзім.Алғаш рет 6 сыныпта ғашық болдым.Жазғы демалысқа Ақтөбеге барғанда.Бірақ ол махаббаттын бар қиыны ол жігіттің Актобеде,ал менің Тараз қаласында болғаным.Ол менен 2 жас үлкен болатын,ол да мені ұнатты бірақ жасымыз кіші,әрі ол ағамның досы сіңілімнің ұнататын жігіті еді.Сіңілім қолын күйдіріп алып,сол баламен ұрысып қолын одан әрі ауыртып а лды.Сол кезде өз сіңілімді жақтаймын деп қалай оған ұрысқаным есімде.Мен ұрыссам маған күлімдеп қарап тұра берген бозбала жүрегімді жаулады.Бұл махаббатпа әлде балалықпа білмедім.Ол кезде ешқайсымыз сотка ұстамайтынбыз,жоқ десе де болады.Сөйтіп мен өз қалама кеттім ол қалды. Тек оны күлгенін бәрін жадымда сақтап журдім,4 жылдан соң ғана Ақтөбе қаласына бардым.Әрине көргім келді.Тек айта алмадым. Ол туралы сұрағанымда сіңілім байқап шақырайық деді.Сол кезде дәл үйдің қасында жүр екен.келді сөйтіп сіңілім шығып артынан мен келдім.
Олар амандасып маған сәлем деді.Әрине сіңілім танисынба деп сұрады.Иа,Айдана ғой Таразда тұратын қыз ғой,-деп жауап қатты. Жүрегімде бір жылылақ пайда болды.Сіңілім өз әңгімесін айтып отырды.Маған қарағанда еті тірі оның.Сөйтіп кетті ол,сіңілім жымиып әліде сені ұнатады,-деді.Сіңілім сөйлегенде кімге қарарын білмей отты деді.Өйткені сөйлеген мен,ал ол кезек-кезек қарап отырды,деді. Сөйтіп 1 аптадан соң Таразға қайттым.Бір күні СМС келеді Қалайсын?Ақтөбеге қашан келесін деген ең соңында есімін жазыпты. Түсінбедім сіңліме звандадым.Сөйтсем кеше нөмірлерінді алып кеткен тамыз айында тағы да Ақтөбеге келеді дедім,-деді. СМС мен сіңілімнің өтірігін ашпайын деп келемін дедім,СМс сөйлесіп тұрдық.Звандауға жүрегі дауаламапты.Сөйтіп көптен күткен тамыз келып мен бармаймын,-дедім.Осы уақытқа дейін алдағанымды түсінді де хабар ошарсыз кетті. Бірақ ол жігіт әліде жүрегімде. Осы оқиғаның ортасында қаншама жігіт сөз салды......
Қыз — өте әдемі, ибалы, әдепті және білімді мектеп оқушысы еді. Оны бәрі мақтайтын, озат оқитын, үй шаруасына да жақсы. Анасынан басқа ешкімі жок, әкесі — анасы екеуін тастап кеткен. Әкесінің түрін де көрмеген. Анасының айтуынша, әкесі оны тастап, өзге әйелмен басқа жерге кеткен екен. Қыздың анасы — қарапайым сатушы, балалар үйінен шыққан, қалада пәтер жалдап екеуі ғана тұрады. Қыз 11-ші сынып оқиды, жақында грантқа оқуға түспек арманы бар. Анасы оған сый деп «Ұялы телефон» алып берді. Қыз — ортасымен тең болып, қатты қуанды. Ол енді интернетке кіріп, әр түрлі желілерге тіркеле бастады.
Осылай күндер өтіп жатты. ҰБТ-ға дайындалып және ғаламторға кірумен күндер жалғасты. Қыз бір күні бір студент жігітпен ВКОНТАКТЕ арқылы танысып, көп ұзамай кездесіп сырласып жүрді. Жігіт — қызбен жасты. Колледжде оқиды. Сүйкімді, сұлу, бойы ұзын, өте керемет жан. Күндер зулап, жігіт қызға сезімін айтып, ұсыныс жасады. Қыз да жақсы көріп, қабыл алды. Солай екеуі жүріп жүрді. Қыздың анасы бұл туралы біліп, қызына артық кетпей жүруін ескертті.
Міне, қыз мектеп бітіріп, жігіті қасынан табылды. Ақыры ҰБТ болды. Қыз өзіне сеніп, жақсы ұпай алды. Бұған анасы мен сүйген жігіті қатты қуанды. Енді, ол — Алматыға, оқуға тапсырды. Оған да түсті.
Жаз... Шілде айы. Жігіт оған үйленгісі келетінін айтты. Қыз келісімін бергінімен, анасынан рұқсат сұрау керектігін айтты. Ал анасы — жігіттің ата-анасы қарсы болмаса, ақ батасын беретіндігін айтты. Апта соңында жігіт қызды үйіне әкеліп, ата-анасымен таныстырды. Олар өте бай адамдар екен. Оларға болашақ келіндері ұнады. Жігіттің әкесі қызға сұрақтар қойып, танысып жатыр.....
Күз. Түн. Қараңғы көше. Мейірғұлдың айдарын Нұраның салқын самалы сыйпап өтті. Осы желдің әсері болар, Мейірғұл өзен жаққа қарап, терең ойларға шомды. Қайран, Нұраның сағындырған самалы! Сенімен қауышуды әскер қатарында жүргенде қанша уақыт асықтым деп сұрасаңшы, жарықтық - Нұра!? Бірақ қалай сұрарсың!? Бұл фәниде тіл тек қана гомосапиенс аталатын жаратылысқа ғана тән. Ал сенде, Нұра, жан жоқ. Тіл жоқ. Сен бұдан адасың. Сені Тәңір өзен қылып жаратты. Суың талай жылдар осылайша бір қалыппен ағып, Сайын Сарыарқаның сар даласының сан шақырымын кезіп иә кесіп өтеді. Күндіз де, түнде де, ыстық болсын иә суық болсын сен үнсіз ғана өз арнаңмен аға бересің, аға бересің... Аталған арнаң – сенің өмірлік жолын, күре тамырың. Бұл жол ешқашан өзгермек емес. Ол – бірқалыпты. Ал, адам баласының жолы – қиралаң-қиралаң, бұрылыстары көп кездесетін жол. Оны сүрінбей өту - біздің қолымызда. Бұл жолдың қызығы менен шыжығы, қайғы-қасіреті қатар жүреді. Жын-шайтан деген пәле мен періште сынды пәкиза жаратылыстар кездеседі. Ал үстімізде әманда Алла тұрады. Тәңір және оның пәк, күнәдан ада періштелер і бізді тура жолға бастағысы келсе, Ібіліс пен оның шайтандары бізді азғырып, ақ жолдан тайдырып, қадамымызды қате бастыруды армандайды. Көрдің бе, адамның қандай тосыны көп жолы бар!? Бұл жолдың аты - өмір екенін сенде сезетін шығарсың, асыл өзенім!? Сенің толқындарында, тілсіз суында қандай сыр жасырылу тұр екен, ол маған беймәлім! Сенің жағалауында нешеме жігіт ат суарып, талай бұрымды қыздар шелектерін арқалап, бір-бірімен танысып, бақытты отбасы құрған болар! Ол, әрине, қуаныш. Ал сенің суына қанша адам баласы батып, о дүниелік болған ? Сенің жағалауына қанша пенденің көз жасы тамған!? Сенің суын қанша баланы әкесіз қалдырған екен, ол әрине, беймәлім нәрсе. Мен ессіз сәби, жөргекте жүрген кезімде сенің суына әкем батқан еді. Қайран әкем, балықшы еді. Сол мақұлықтардың әлеміне кетті ғой! Әрбір бос уақытын осы балық аулаумен өткізетін. Әрине, бұл қайғылы жағдай. Ондайдан құдай сақтасын! Дегенмен, саған оның келіп-кетері жоқ. Сен естімейсің де, көрмейсің де. Баяғы қалпыңмен үнсіз аға бересің, аға бересің... Осы кезде Мейірғұл жаурағанын сезді. Терең ойларға батқан бойы Нұраның жағасында келіп тұрғанын байқады. “Айлы түнде сен қандай сұлу едің, Нұра!? Бұрынырақта қалайша байқамаған едім?” – деп, тағы да бір ойлады Мейірғұл. .....
Естимісің? Біз жел өпкен ғұмыр кешудеміз. Капастағы қол, өзгенің қолына асығады, олардың ортасын жалғап тұрған жел жібін сұм өрт аймалайды. Сеземісің? Өзге өзгеге құштарлана самғайды. Тым жақынсың, алайда арада ащы түтін. Жабық терезелер болмағанмен, көзіміз байлаулы. Түсініксіз халде оянам, өзім мүлдем білмейтін және сүйетін адамыма шарасыз сыңғыр дыбыстарын жеткізе алмай азап шегем, ұмыту белгісі ретінде үздіксіз іздеумен, сенумен келем...(В.Лев)
Жерге түсіп жатқан алтындай сары жапырақтарға үңіліп, саябақтағы орындықта отырған едім, қарындас, бір жеріңіз ауырып тұр ма деп, біреу жақындап келді, - деп бастады өз әңгімесін Әнель. Шыны керек осы сөзді айта бастағанда жанарында шоқ болып, бір жалын көрінді. Сірә, қуанышты кезі жайлы айтып жатыр деп ойладым да, ары қарай жалғастыруын өтіндім. Әнель, бұл алтын түстес жапырақтар сіз үшін өте қымбат секілді ме деп қалдым, толығырақ айтпас па екенсіз? Неліктен? – деп сұрағымды жаудырттым. Ол жағын өзім де білмеймін, жаным?!)))). Сол күні менің жағдайымды сұрауға келген адам – ұзын бойлы, ақ құба келген Елдос еді. Мен оған ештеңе болмағанын, әншейін көңілімнің түсіп кеткенін айттым......
Ертегi ертедегi кәрi күйге, Жiбiне сабақталып отыр ине. Бетiңнiң бедерiне жұқпалы екен, Опалап жаға берсең, шiркiн дүние! Ертектiң ертегiсiн құрайын да, Шықпаса елден құрақ сұрайын да. Дастанбай деген кiсi бай боп өткен, Туысы Түркiстанның кiрайында. Дейдi екен қошаметпен әркiм «Дастан», Түркiстан қаласынан байлығы асқан. Қайыры қарындасқа мол кiсi екен, Әркiмге қарайласып қажет ашқан. Байлықпен сегiз күмет үй салдырған, Төбесi көк қаңылтыр, көз талдырған. Алтыннан босағасын әшекейлеп, Iшiне асыл тартып от жандырған.....
71 жыл! Бұл бір адамның тұтас өмірі. Қарт кісінің ғұмыр жасы. Соғыстың біткеніне, Жеңіс таңы атқанына, жұртшылықтың бейбіт өмірдің дәнін егіп, дәмін татқанына тура 71 жыл. Ел басына күн туды. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Бейбіт күннің бұқарасы белін буып сапқа тұрды. Он сегізге енді толған өрімдей жас пен елуге жеткен егде еркек қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды. Бой түзеп, қыз дәуірін қызықтайтын бойжеткендер беліне қару асынып, ер- азамат басын тіге бермейтін батырлық көрсеткені қаншама? Шығыстың қос шынары - Әлия мен Мәншүк қазақтың қыран қызы Хиуаз Доспановалар ерлігі елге белгілі. Соғыс сан милион адамның өмірін қиды. Жас балаларды жетім, әйелдерді жесір атандырды . Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау-тау үйіндіге айналдырды. Ел ішінде аштық орнап, сан мыңдаған жауынгер тұтқынға түсті. Адам баласының басына келмеген зұлымдықтардың, азат пен айуандықтың неше түрін көрсетті. Адамдардың тағдыры аяқ астына тапталды. Шаңырақтар құлады. Тұтас ауыл күлге айналып, бүтін қалалардың қабырғасы күйреді. Бұғанасы бекімеген бала ересек атанды. Бесік тербетіп бала жұбатып отыратын ана қолына кетпен, күрек ұстап, егін егіп, дән суырды, құрық алып мал бақты. Арық қазды, шөп шапты. Жұмыстан қолдары қалт еткенде майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігіп, шұлық тоқып, байпақ басты. Жасөспірім балалардың өзі сабақ арасында солдаттың бір күндік тамағын табуға қарекет жасап, балық аулады, шаруаға араласты. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен ұйқысыз түндерді, күлкісіз күндерді бастан өткізді. Майдандағы қызыл армия қатарына 1200000-ға жуық қазақстандық аттанды........
Бір алыпты мен көрдім, Көрінгенді қармаған. Болғанда екі қанат, отыз қолы, Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы, Бар екен алақандай аралшығы, Адамзат пайдаланып жүр ғой оны. Шөп тырма
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына ананы сыйлауды,құрметтеуді қалыптастыру,үлкенге қызмет көрсетуге тәрбиелеу. Балаларды жол сияқты тұрғызып, әнді қосып, аналарды кіргіземіз. Балалар аналарына гүл сыйлайды. ....
Сені күткен көп заман, «Ал аймала, мә, төсім. Мә, мойыным, тамағым, Сүйемісің, не етесін? Аяңқырап аймала, Қан шығарып кетерсін...» Дегенге бір келсеңші, Өйткені мен өлдім-ғой. Апырым-ай, тас екенсің.....
Жиырма үш жасымда Бұл өлең жазылған, Басында табылмай Өзіне лайық ән. Мұңлы, күйсіз, Жесір боп жатыр еді, Мінеки, ойланып, Өз әні табылған. Бақытсыз жүрегім....
Замана тұр бөркiн алып ойланып, Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып? ...Сол түнi бiз сенiң туған сiңлiңнiң Он ceгiзгe толған күнiн тойладық. Мен қуана тост көтердiм қызға арнап: - Ал сапарың сәттi болсын, қызғалдақ. Өмip мынау: Қатар тосқан жеңiлi мен ауырын, Қайғысы мен сауығын, Шуағы мен дауылын......