Мәңгілік көктем
Семейге көктем ерте келді. Бірақ тосын келді. Біреуге - жол, біреуге - қор болып келді. Десе де, көптен бері көңілімде жүрген көмескі ойды сеңдей соғып кетті. Жол болды дегенім –өз басым шын сүйгенімді кездестірдім. Қор болды дегенім –маңайымдағылардың махаббаты. Осы әңгімесымағымды жазуыма ықпал еткен, қарындасымдай көретін қазақтың қаракөз қыздарының бірінің басынан өткен әңгімесі еді. Ендеше сөзімді «жол болдыдан» бастайын.
Шынымен де менің жолым болғыш. Семейдің білдей бір зәулім университетінде оқып жатырмын. Талайлар бұл орынға түсе алмай быжақтап жүр, ал мен ұйқтап жүріп, тәлейім болып түсіп кеттім. Содан арқаны кеңге салып, Өскеменге, жүріп жүрген қызыма аттандым. Албырт көңілім алып ұшты ғашығыма.
Сәскеде Ертіс бойында Қаракөзбен кездестім. Қол ұстасып, қауышып, жағалауда көп жүрдік. Кешкісін оны биге шақырдым, дос қызымен келді. Есімі- Гүлмира. Сол түні бидің түбін түсірдік.
Ертесінде түстен кейін Семейге кайтатын болдым. Қаракөзбен қимай-қимай қоштастым. Ол суық қоштасты...жанарында қимастықтан гөрі қиналыс бар...
2
Қарт Семейдің аспаны қарауытып, күңіренісін күй қылып төккендей, көмескі сырды көгілдір тұман тұмшалап, көсіле аққан Ертістің беліне Қобыздың қылындай тартылған көпір еңсерілмей «көтер басыңды» деп тұрады. Қынай бел сылқым Қара Ертісін ғасырлар бойы құшақтап, құшып жататын, мына көпірде не арман бар, сірә?! Түнгі көрінісі тіпті еліктіреді: Қаланың қаптаған қызылды-жасылды ноқаттары тек көпірге шоғырланып, қызыға қарасады. Бұл кезде ерке Ертіс толқынды шашын баяу ғана тарап, көпір мен қалаға наздана қарайды да жатады. Дағдылы, «жатт анды» құбылыс. Бірақ мәңгілік...
3
Өскеменнен келе салып беймаза күй кештім. Жатақханадағы уақытымның көбін терезеден көпірге қараумен өткізетін болдым. Кеудемдегі дертімнің емін таппай бір сәт тыныстамақшы болып, қылтимаға шығып өлең оқысам жеңілдеп қалғандай боламын. Әсіресе,Қаракөздің бір ауыз сөзін естіген соң жын соққан адамдай меңіреу күйде қалдым...
Бәрі де көктемнен басталған, көктемнен аяқталды. Жоқ... қателестім, бұл ешқашан бітпек емес... « Махаббат қызық мол жылдардағы» Тургеневтің сөзін оқыған боларсыздар:
- Емен – ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге ағаштың бұтағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады; ал еменнің жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде- бұтақтарында жаңа бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды – өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шыға алады»...
Менің көңілімдегі көктем ақпанда келді. Көкірегімдегі «көлеңкеге» шуағын жайды. Қаракөз алғашқы махаббатын қайта жолықтырды. Іштей қиналсам да «...бақытты болсаң болғаны» дедім.Ол бақытты шығар...
...Арманда ұмытармын мен сені,
Қалғанда Қара Ертіс құрып бір,-деп жүргенде жүрегімнің төрінен «Сәби» өскін бүр жара бастады.
Енді таңғалмаңыздар. Қаракөздің дос қызы- Гүлмира мені құлай сүйеді.
Жүрекке әмір жүрмейді екен. Ал қазір мен оны ол мені сүйгеннен де артық сүйемін.
4
Университеттен келе салып бөлмелес жігіт Бекболаттың дайын шәйінен қанып ішіп алдым. Сәуірде созылып жата берсең де ауру боласың. Бекболат екеміз сыртқа шығып қайтуға бекіндік. Дәлізден Гүлзәрді кездестіріп қалдық.
- Ой, Гүлзір, сәлем!,- амандасып жатырмыз.
- Жаман емес. Өздерің ше? Қайда барасыңдар?,-деп күлімдей салды. Көзі қызарып кетіпті, ештеме білдіртпегенсіп тұр.
- Кешке біздің бөлмеге қыдырып қайтсаңдаршы, келмей кеттіңдер ғой мүлдем,- бұл сөзі өтініш сияқты сезілді маған, өңі сұп-сұр болып кетті...
Айтқандай кешке солардың бөлмесіне бардық. Әдетінше Гүлзармен бөлмелес қыздармен әңгіме айтып, күлкіге қарық болып жатқамыз. Сол-ақ екен Гүлзірдің түрі боп-боз болып, жылап келіп төсегіне қисайды. Ештеңе де айтар емес. Мен ақырындап жанына отырып, қолынан ұстап сыр тарта бастадым. Қарындасымдай болып кеткен еді ол маған. Шыдап отыра алмадым. Бекболат та дегбірсізденіп кеткен еді...
5
Жалмауыз түн. Ашкөз қараңғылық. Қарақшы...Ұры...Ұры...
Сол қарындастың жылаған, өкінген, ашынған, бұл жалғаннан түңілген, алғаш рет өтірікші, суайттың сөзіне қалай сеніп қалғанын білмеген сол пәк көңілдің солқылдап жылағанына қарап сәби дерсің...дәтің шыдамайды екен...даусы құлағымнан кетпейді...Шарасыз бейкүнәм-ай, сұмдық қой мына түрі. Дауысы өңменімнен өтеді. Ол маған мұңын шағып жылағанда, «қайтем енді, Арман, айтшы...не істеймін» дегенде еркек қауымының атынан өзім ұялып кеттім. «Не дейін енді, қарындасым-ау, сабырлы бол, мықты бол» дедім де ол оңбағанға лағнет айттым. Сол түні оны көп ж ұбаттым. « Қайыршы студент ағаңның қолынан не келеді, қарындасым-ау» деп ашындым. Ақыры бөлмеме қайттым. Бекболат та артымнан ере шықты. Ол түкке түсінбей «не болды Гүлзәрға?» деп келеді. Шыдамы әбден таусылған. Байғұс ғашық қой енді. Бұл білсе қайтер екен? «Мен аңсаған көктем күзге айналды» дер ме екен? Жооқ... Бекболат екені рас болса, ондай ұсақтыққа бармайды. Бәрі бір білгені дұрыс қой. Бөлмеге келген соң Бекболат тағатсыздана:
-Ал енді айт, Гүлзәрға не болыпты? Екі сағат сөйлескенде не айттыңдар, бәрін айт?
-Сен сабырлы бол,-деп бастадым сөзімді.
Бекболат бәрін білді. Түрі бозарып кетті. Бірақ өте сабырлы, меңіреу күйде қалды:
- Гүлзарға бұрыннан алаңдаушы едім. Әттең-ай, әттең! Арамзаларға қор қылып, қарап қалғанымыз-ай! Аңқау, пәк, қылықты, ең бастысы тартымды емес пе ол. Бар жазығы- сол сұмырайды сүйгені ме сонда?!
- Сен айға батағып жүргенде ғашық гүліңе ара қонып қойды, сабаз достым,-деп ашындым. Бекболат маған қарап, басын көтере сөйледі:
- Қателесесің,олай деме. Мен оны бәрі бір сүйемін...қазір тіпті бүкіл қаракөздерімізді аяп, сүйіп кеттім...түсінемісің...,- Бекболат бұдан ары сөйлеуге тұтығып, отырып қалды.
Гүлзәр болса түнімен жылап шығыпты. Көңіліндегі көктеміне көбелектің құрты түсіп, өзінен-өзі жиркеніп, адамдық арын түн қарақшысына ұрлатқанына өзін қылмыскер сезініп жүрген кіршіксіз қылығын түсінетін, өзін сүйетін адам бар екенін ол осы уақытқа дейін байқамаған шығар.
Сол түні мен таң атқанша жазу жазып отырдым. Ал Бекболат көпке дейін дөңбекшіп жатты.
6
Екі күн өткен соң. Гүлзәр сабаққа баруды қойған, тамағын да дұрыстап ішпейтін болған. Бас алмай жылай беретін болыпты. Ақыры Бекболат екеміздің де шыдамымыз шегіне жетті. Қолды-аяққа тоқтамай еңіреген Гүлзәрдің бұл түріне қарап отыра алмай, әлгі жігітін тауып алып, бірталай жерге апардық. Ақыры ағалық ақылымызды айтып, Гүлзәрмен жолықтырдық. Байғұс қыз ол жігітті әлі де сүйеді екен. Ал албырт жігіт қолымен істегенін мойнымен көтеретін болып шешті. Бұл жігіттің не былықтырып, неге адасып жүргенін түсіне алмадық...
7
Ертең кешкісін университеттен шаршаңқырап келдім. Бөлмеде Бекболат бар екен. Көтеріңкі көңілмен әлденеге шүйінші сұрап алдымнан шықты.
- Ана жігіт Гүлзәрді алып қашып кетіпті. Шамасы үйдегілерімен келіспеген сияқты. Гүлзәрді сүйемін депті. Жәңе бөлмелес қыздары айтты.
- Ой, жігіт болғыр! Оған Гүлзәрдан артық қандай қыз керек. Енді қыздың махаббатына лайық болса болды. Қайран қарындасымыз-ай, енді жыламаса екен!
Бекболат екеміз құлазып қалдық. Көктемнің көркі де, көңілге қуаныш сыйлар кезі де қаракөз қарындастарымыз бен сүйген жарларымыз екен гой.
8
Бір күннен кейін.Өскемен қаласы. Ертіс жағасы. Гүлмираның қолдарынан қатты қысып, риясыз қараған көздерінен искедім. Бұрын соңды сезбеген құштарлықпен белінен қаусыра құшақтап, мойнынан сүйдім. Ол кезде Гүлзәрдің басынан өткен қиындықтар ой-елегімнен бір-бірлеп өтіп жатқан. Ішімнен « сені ешқашан ренжітпеймін, мәңгі аялап өтемін, сен менің «мәңгілік көктемімсің», жаным менің!» дедім. «жаным менің» дегенім қатты шығып кеткен екен, Гүлмира жағымды даусымен «ау жаным!» дегенде ғана өзіме келдім. Ол маған мейірлене қарап, екі бетімнен кезек- кезек искеді.
«Сен менің мәңгілік көктемімсің» дегенді сол күні ішімнен мың мәрте қайталадым. Дәл осылай өмірімнің соңына дейін қайталауға әзірмін. Ол менің мәңгілік көктемім.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: махаббат хикаясы Мәңгілік көктем туралы казакша история любви на казахском, история любви Мангилик коктем на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Мәңгілік көктем