Ішімде бәрі өртеніп жатқандай

 Ішімде бәрі өртеніп жатқандай

Әңгімемнің басын қалай бастарымды да білмей отырмын.. Талай жылдар поэзияны жаныма серік еткен болсам да, осы бір хикаямды жазуға жүрексініп жүрген едім.. Колледждің екінші курсында оқып жүргенімде интернет арқылы Н*** есімді жігітпен таныстым.. Онын өмірге деген көзқарасы, адамдармен қарым қатынасы, сіз деп сыйлағанының өзі ешкімге ұқсамайтын еді.. алғашында күнде жазып тұрды..сонда да сіз сіз деп сыйлап тұрған соң, оның көңіліне аса мән бермедім, тіпті ағам ретінде қабылдадым.. Ортақ достарымыз болған соң, бір күні достармен бас қостық..олардың арасында Н*** да бар.. Тағы да..алғаш көрген сатте қатты ұнамады десем де рас.. мен үшін тым дұрыс, тым жақсы адамдай көрінді.. Достарымыздың бас қосуы да жиілеп, ол да маған хабарласуын жиілетіп жіберді..

8 наурыз күні сыйлығымен келіп, ұсыныс жасады. Оны қатты ұнатпағандықтан келісімімді бермедім.. ал ол болса, сізді қанша болса да күтемін деп соңғы сөзін айтып кетті.. Күнде хабарласып тұруын тоқтатқан жоқ.. Осылайша кішкене уақыттан соң мен оның қызына айналдым.. Шыны керек алғашында жай ғана ұнатып кездескеніммен кейін оны қатты сүйіп қалдым.. Бақыттан басым айналып, оны коөуге асығатын болдым.. Сабағыма да зер салмай, құрбыларыма да уақытымды бөле алмай, күнде үйге кеш оралатын болдым.. Мұндайымды бұрын көрмеген анам, бір күні үйдің алдында мені тосып тұр екен.. Хабарласып, жанындағы жігітінмен кел, көріп танысуым керек деді.. Ұялғаннан жерге кіріп кетердей болып, екеуміз де анамнын жанында басымыз төмен қарап тұрдық.. екеуі танысты.. үйге кірген соң анам оны ұнатқанын, және оған сенетінін айтты.. осылайшы арамызда ешқандай сыр, ұрыс, жұмбақ дүниелер жатпайтын еді..

Ол бір үйдің жалғыз ұлы, мен жалғыз қызымын.. Н***ның бойындағы қасиеттерін таныған сайын оны күн сайын қатты сүйе бастадым.. менің ерке, қырсық мінезіме жай ғана жымиып, әркезде ақылын айтып жүрді.. Осындай жұмақ рахатында жүргенімізге қарасақ бір - ақ ай ғана болыпты.. Бір ай емес, бірнеше жылдарды басымнан өткергендей күй кештім.. Өмір болған соң, қарасы да, ағы да болады ғой. . тәтті түсімнен оятып жібергендей, бір күні енді кездесе алмайтынымызды айтты.. Неге деп жүз сұрансам да, себебін біле алмадым.. қоштасар сәтте, көз жасына ерік бердім.. Ол болса мені сүйетінін айтып, осылай істеуге мәжбүр екенін айтты.. кетерінде ол да көз жасын көрсетті.. Еркек болсаныз себебін айтыныз дегеніме..

Олай болса менің еркектігім болмасын деп, үнсіз қарап тұрып қалды... Сол сәт, бірге өткізген бір ай мен үшін куні кеше ғана болған сиякты.. Қарап тұрсам алты ай өтіп кетіпті.. Бір екі рет көргенім болмаса, ортак достарымызбен кездесуден де қалдық. Оны әлі сүйемін..ұмыта алмай жүрмін.. Ол Астанаға жұмысқа шақырту алыпты, досының сөзіне қарағанда ол келісетін сияқты.. ал мен болсам соны уайымдап, арамыздын екі каламен алшақтайтынын білген сайын көзіме жас келеді.. Оны тіпті көрмесем де, хабарласып хат жазыспасам да оны сүйемін ғой.. бір қалада, бір ауаны жұтып жүргеніміздін өзі мен үшін қуат еді.. ал енді не болмақ?! Оны қалай ұмытамын,достар?! Алты ай бойы шынайы күліп, бақытқа бөленгенім есімде жоқ. Өтірік күліп, сырттай мықты болсам да, ішімде бәрі өртеніп жатқандай.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру