Мақсаттары: Білімділік: Тақырып бойынша әңгіме құрастыру шеберліктерін қалыптастыру. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы білім дағдысын кеңейту, оқушылардың дағды, таным белсенділігін арттыру.
Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш - қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын.
Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Ләйлә бірінші сынып бітіріп екінші сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқап: - Қызым не болды? Біреу ренжітті ме? - Жоқ - Енді не болды? - Маған мұқабасын мыж - мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді,- деп көзіне жас алды.
Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп- бізді шақырады)
Мақсаты: Балаларды мектепке шығарып салу кешінде жыл бойы алған білімдерін бекіту,білгендерін ортаға салып қорытындылау.Берілген сөздерге сөйлем құрау,есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Топ бөлмесінде шарлар,қанатты сөздер ілініп,ертеңгілікке сай безендірілген.
Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар.Мектеп бізді шақырады атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында үлкен жауапкершілік пайда болып,мектепалды даярлық тобын аяқтап,1 сыныпқа қадам басқалы тұр.Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер.Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ортаға салып,өнерлерін көрсетпекші. Өсті міне бойларың Өсті міне ойларың, Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың. Ендігі кезекті балаларға берейік........
Мақсаты: Білімділік: Балаларды білімге деген ынтасын арттырып, сөздік қорын көбейту, тақпақтарды мәнерлеп нақышына келтіріп айта білуге үйрету. Тәрбиелік: Балаларды бір - бірін құрметтеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын қиялын, өз Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Керекті құрал - жабдықтар: бильборд, слайд, суреттер, тақта, оқу құралдары
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қорғаймыз Біздің топта ұл - қыздар Тату - тәтті ойнаймыз Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетін бастамас бұрын бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Кім білгір». Ойынның шарты: допты балаларға лақтыру арқылы сұрақ - жауап алу......
Кітап! Бұл сөз әр адам баласына таныс. Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса. кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен ақ жан дүниесі керемет сезім баурап. Сол кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып,күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса,ал сол кітаптағы әр түрлі ситуациядан автормен қоса өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады.
Кітап-таңғажайып әлем іспеттес. Бұл әлемде сен өзіңе керекті дүниелерді алып қана қоймай,сол әлемде болған қателіктерді шынайы өмірде жібермеуге күресесін.
«Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.
Қазіргі заманның талабы өте өзгеше. Өткені біздің қазіргі мақсатымыз 30 озық елдің қатарына кіру. Ал осы алып мемлекеттердің арасында жырқырап тұру үшін аянбай еңбек етіп,білім жолында тер төгуіміз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Бұл сөздер бекер айтылмаған. Себебі кітап-озық елдің қатарына кірудін басты кілті деп ойлаймын......
Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге. Абай Құнанбаев
«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»,- дегендей кітапта тұнған білім, ал білім сенің өмірің. Сен бұл дүниеде білімсіз жүре алмайсың. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» дегендей, надан, білімсіз көр соқыр болсаң көрер күнің қараң. Ал,сенде білім болуы үшін,саған кітап көмектеседі. Кітап - дүниенің есігі. Кітап - асыл қазына, баға жетпес көркемсөз өнері. Кітап ішінде мол дүниесі бар, әдеби берер тәрбиесі, өнегесі мол зат. Кітап бізге ауадай қажет. Себебі, бұл дүниеде болып жатқан жағдайдың бәрі кітапта бар. Кітап - білімнің қайнар көзі, ал білім өміріңнің мәні деп тұжырымдағып келіп тұр.
Кітаппен ел жанданар, Біліммен ой толғанар. Кітапты сүйіп оқыса, Білім нәріне оранар! - дегендей, білімді болу үшін кітап керек болғанымен, сен кітапты оқи білуің керек және түсіне білуің ,оның мәнін терең ұғынуың өте маңызды. Кітап дегенде есімізге не елестейді?.......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Кітапханалар. Морфология. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу Сабақтың мақсаттары: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. ....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Семей, Торғай, Жетісу кітапханалары Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау Сабақтың мақсаттары: Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Әлемдегі ең ірі кітапханалар Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1. Т\А Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау Сабақтың мақсаттары: Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, құттықтау, хабарландыру, өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау. ....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақ тақырыбы: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) Ж6.Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер (мысалы, «Наурыз құтты болсын» деген жазуы бар постер) мен жарнамалар құрастырады. Сабақ мақсаттары: Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді.Постер құрастыруда сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөздерді таңдап жазады, оқиды, талдайды. Постер жасауда тыныс белгілерін пайдаланады......
Ашық сабақтың тақырыбы: Әліппемен қоштасу (Рақмет, саған әліппе) Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету. 2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту. 3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж Сабақтың көрнекілігі: оқулықтарға арналған банерлер, слайд, фотомонтаж. Сабақтың барысы: Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы. Мұғалім: Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың....
Кітапбілім бұлағы. Кітапбілімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса.....
Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні. Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайдарға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр. Ислам араб тілінен аударғанда "бой ұсыну" деген мағынаны береді Ислам және мұсылман (муслимун - бой ұсынушы ерлеру муслиматун - бой ұсынушы әйелдер) сөздерінің түбірі бір. Ислам - монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Бүкіл әлемді - көк пен жерді жаратушы – Алла. Барша әлем тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық, жамандығын таразылаушы, заманның ақырыңда оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына жауапқа келеді. ....
Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады.Интернет сөзінің тікелей аудармасы – желілік желіаралық,яғни желілердің бірігуі деп түсіенміз.Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп,ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді.Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес,ол қандай да бір ақпараттық кеңістікті құрайды. Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік желілермен байланысу деген сөз.Желідегі компьютерден өкімет архивіндегі,университеттің мәлімет базаларындағы,жергілікті қорлар көлеміндегі,кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді,суреттерді,дыбыс клиптерін,бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз. Интернетпен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді Интернетке қосып бере алады.Желіге қосылудың бірнеше түрі бар,олар: - қосылып тұратын тікелей байланыстар(кіру жолдары) - тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар(кіру жолдары) - почталық байланыстар. ....
Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш-қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам.
Ғабиден Мұстафин. Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20-40 жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді кұрескер биігінен таймау -- Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.....
Ертегінің мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Зал мерекедегідей әсем безендіріледі. Әдемі гүлдер, шарлар, құстар ілінеді. (Әдемі музыка әуенімен оқушылар залға кіреді). Ән ұран Тәрбиеші: Өсті міне бойларың Өсті міне ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың. Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер мектепалды даярлық сынып шәкірттерінің «Жолың болсын, балдырған!» қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!. Құттықтау сөзін мектеп директоры: Бірманова Қымбат Исланбекқызына береміз. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова Лаззат Шәкейқызына береміз......
Білім беру саласы: Коммуникация Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Білімің - бұлағың» (Өлеңмен танысу) Мақсаты: балабақшаға, мектепке барған балдардың қуанышты сәттерін әңгімелеу; «Білімің - бұлағың» өлеңін оқып үйретіп, сөздердің мағыналарын түсіндіру; Барлық адамдардың – ақын да, ғалым да, бәрі мектептен, балабақшадан білім алатыны туралы балаларға айтып беру; Өлең арқылы ақылды, білімді болып өсуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер қажет құралдар: Білім күніне арналған суреттер, балабақшаның ішкі - сыртқы көрінісінің суреттері, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: талмайды, самғайды. Билингвальды компонент: білім – знание, ұстаз – учитель.
Ұйымдастырушылық - оятушылық Шаттық шеңбері Балаларды шеңберге тұрғызады. - Шеңберге тұрғанда бір - бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бір - бірімізге бүгінгі Білім күні мерекелік көңіл күй және жылылық сыйлайық......
Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары 4-сынып (25 баллов) Тегі, аты (фамилия , имя)___________
1. Тест тапсырмаларын орында. (5 баллов) 1) Қазақ тілінде неше әріп бар? А) 32 Ә) 45 Б) 42 В) 25 2) Білім күні балалар қайда барады? А) саяхатқа Ә) мектепке Б) дүкенге......
Кіріспе Туған халқына мәңігілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау – қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі М. Әуезов екенін біз білеміз. « Абай жолы » романы Әуезовтың бас кітабы. Ол өзінің осынау ұлы шығармасын жазып, үлгеріп кетті. Оның суреткер ретінде бақыты да осыда. Абай жолы – халық жолы. Абай туралы романдар, Абайдың ел жұрты, қоғамдық ортасы, әлеуметтік қоршауы, дәуірі һәм заманы туралы романдар. Абай - Әуезов қолындағы шамшырақ Әуезов сол шығармашылықты қолына ұстап, көшпелі феодализмнің небіреу меңіреу түпкірлері түпкірлері мен қараңғы қапастарын аралып кетеді де, зорлық – зрмбылық, қатал – жауыздық әделеттісіздік сияқты қара күштердің ошағы болған неше түрлі бұралаң шатқалдарды көз алдына жарқыратып әкемді: Міне бұдан біз « Абай жолы » эпопеясы Абайдан гөрі кең ... Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы – қыры, қия –қалтарасымен өріле суреттейді. Абай арқылы біз, өткен ғасырдыңекінші жартысындағыф және осылардың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралың тағдырын, ой – араманын, мақсат мүддесін, күрес тартысын ... бәрін – бәрін түгел шарлап, көз алдыңа қатарынан тізілген тауі өркештерін елестетеміз. Бұл шындық ә Халық» дегенде бұл ұғымының негізінде ұлттың әдет – ғұрып ғана емес, рухы жататыны сөзсіз. Осылай болса « абай жолында » біздің дәуірге дейінгі қазақтардың тұрмысы, әдет – ғұрпы ғана емес, күллі ұлттық рухы сайрап тұр. М. Әуезов шебер жазушы тіпті төрт кітаптың бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір штрих, керек десең артық сызық жоқ. « Абай жолы » қырық екі тілге аударылып осы тілдің халықтарының тілін тақылдатуға мәжбүр қылған.....
Адамзат тарихында жеңістер көп. Солардың ішінде мән - маңызы жөнінен шоқтығы биік – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Биыл осынау атаулы тарихи күнге 70 жыл толғалы отыр. Демек, біздің бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға 70 жыл! Екінші дүние жүзілік соғыстың ішінде ең ауыры саналатын Ұлы Отан соғысында халқымыздың басым бөлігі Отан қорғау жолында мерт болса, майданды керек жарақпен қамту жолында еңбек етіп, Ұлы Жеңістің негізін қалаған тыл еңбекшілері қаншама. Соғыс тақырыбына шығармасына арқау қылмаған бір де бір ақын - жазушы қалмаған шығар. Патриоттық рух бар жерде Ұлы Жеңіс тақырыбы әрқашанда өзектілігін жоймай, жыл өтіп ұрпақ жаңарған сайын маңызы арта түспек. Өлкемізден шыққан ақиық ақынның соғыс тақырыбына арналған шығармаларын зерттей отырып, атаулы оқиғаға аз да болса өз үлесімізді қосуды жөн көрдік......
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор. Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты. Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.....
Кіріспе Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға үмтылыстан туған үрдіс. М^ндай үрдістен білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсерінен қазақтілін оқыту үлдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы үйымдастыруға алып келді . Бұл үрдіс окушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытуға арналған. Бұл білім беру саласында окушыға жаңа көзқараспен карауды үйретті. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондыктан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Өкінішке орай казір окушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктер кездесуде : ....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. ....
Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіздік алғанға дейінгі діни дамуы кеңестік дәуір идеологиясы үстемдік етуімен тығыз байланысты екені баршаға аян. Бұл кезең жас ұрпаққа коммунистік негіздегі біржақты атеистік тәрбие берумен ерекшеленеді. Ұзақ жылдарға сан ғасырлар бойғы қалыптасқан тәрбие негіздерінен айырды. Халықтың рухани санасы азғындап ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерге түп негіз болған ділі мен дінінен ажырады. Басқаша айтқанда, өзіндік имандылық келбетінен қол үзді. Осының салдарынан рухани тұлға мұрасын оқытуда да осындай келеңсіздіктерге жол берілді. Тәуелсіздікті нығайтуда, жас ұрпақты осы айтылған ұлттық биік рухта тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы кеңестік дәуірде жоғалтқан имандылық қалпын қайта жаңғыртудың маңызы зор. Осы орайда, Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, “... жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты” дер кезінде ең қымбат адами, дүнияуи көзқарастар негізінде адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет /1/.....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аллаһқа ғана сиынып, оған ғана тәуекел етеміз. Біз Аллаһқа барлық мақтау–мадақ айта отырып, одан пана сұраймыз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, онда оны ешкім адастыра алмайды. Ал, егер кімде – кімді адастырса, оны тура жолға салар ешкімді таба алмайсың. Мен Мұхаммед Аллаһтың елшісі әрі елшілердің ең соңғысы, бізді тура жолға бастаушы пайғамбарымыз екеніне куәлік беремін. Сондай –ақ, оның отбасына сенімді де аса пәк сахабаларының және олардың соңынан қиямет күніне дейін жақсылықпен ерушілерге Аллаһтың амандығы мен игілігі болсын! Ислам ұғымында ата – ананың баласы алдындағы міндет имандылыққа тәрбиелеу. Себебі, имандылық адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында. Әке мен ананың үлгілі тәрбиесінде қалыптасады. Сондықтан да әке мен ана осы отбасының соғып тұрған жүрегі. Шынымен, бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жоңғыш бар тәрізді. Осы себептен баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата – анаға жүктеледі. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың хадисінде. «Таһа сүресінің «Үй ішіңді намаз оқуға бұйыр, өзің де оған көңіл бөл», - деген аяты түсірілген уақытта Омар: «Ей, Аллаһтың елшісі Біз Аллаһ тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала – шағамызды қалай сақтандырсақ болады?», - деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: «Аллаһ Тағала сендерді неден қайтарған болса, сендер де бала – шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге нені істе деп бұйырған болса, сендер де бала – шағаларыңды соны істе деп бұйырыңдар!», - деп жауап берген екен, хадисті (әл – Бухари, Муслим) риуаят етті. ....
Курстық жұмыстың өзектілігі: Абайдың ақындық мұрасындағы өмір шындығының реалист суреткеркөзімен бейнелеу тағылымы зерттеледі. Абай заманындағы қазақ қауымының әлеуметтік жағдайы, орыс патшалығы тарапынан шұғыл күшейтілген отарлау саясаты зардаптарының ақын шығармаларындағы көріністері өзекті мәселе болып табылады. Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл еңбек Абайдың ақындық тұллғасын, адамгершілік мұраттарын бүгінгі заман ұғым түсініктері деңгейінде жан – жақты толық сипаттап, оның шығармашылық мұрасының танымдық, эстетикалық, көремдік, тағылымдық мәнін жүйелі түрде ашып көрсетуді мақсат етеді. Курстық жұмыстың міндеттері: - А. Құнанбевтың өміріне қысқаша шолу; - Ақынның тұлғасын, адамгершілік мақсатын айқындау; - Абай шығармаларындағы әлеуметтік-теңсіздік мәселелерін ашып көрсету; Курстық жұмыстың тарихнамасы: Курстық жұмыстың тарихнамасы курстық жұмыста Ж. Смағұловтың Абайдың ақындық әлемі Алматы, 1994ж кітабы мен М. Мырзахметтің Абайтану тарихы Алматы 1994ж және З. Ахметовтың Абайдың ақындық әлемі Алматы 1995ж кітаптары кеңінен пайдаланылды. Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен алты тақырыптан тұрады. Бұл жұмыста Абайдың ақындық мұрасындағы өмір шындығының реалист суреткеркөзімен бейнелеу тағылымы зерттеледі. Абай заманындағы қазақ қауымының әлеуметтік жағдайы, орыс патшалығы тарапынан шұғыл күшейтілген отарлау саясаты зардаптарының ақын шығармаларындағы көріністері өзекті мәселе болып табылады. Тарихи тығырықтан шығудың жолы ретінде халықты елдік пен бірлікке, өнер мен білімге, жемісті еңбек қарекетіне, жақсы адамгершілікке шақырад....
Тақырыптың өзектілігі Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы. Қазақстан егемендік жылдар ішінде ұзақ жолдан өтті. Саясаттың жаһандануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және жаһандану процестері жекелеген мемлекеттердің де сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен қызметіне үлкен ықпал етуде. Халықаралық қатынастар саласында жекелеген мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін іске асыру үшін бір-бірімен өзара қатынасқа түсті. ....
Бітіру жұмысымды Абай атамыздың мына бір өлеңімен бастағанды жөн көрдім: Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге,- деп өлеңге қосуы тегін емес. Шынында ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, ақпаратты сақтаушы, бұқаралық және ақпараттық сипатқа ие құбылыс – кітап. «Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі », - деп Максим Горький кітапқа әділ баға берген. Сонымен бірге кітап – аса қуатты тәрбие құралы. Жақсы, өнегелі, ұлағатты кітапты басып шығарып, тарату арқылы біз қоғамымызды да тәрбиелейміз, рухани бай адамдар қатарын да арттырамыз. Осы ретте француз жазушысы әрі философы Вольтер Мари Франсуаның мына бір айтқан нақыл сөзі ойға оралады: «Жазушының оқуға арзитын ғана туындысын басу керек, Бұл аяулы ереже кітаптың санын азайтқанымен, оқушылардың талғамын арттыра түскен болар еді ». Шын мәнінде бұл критериймен кітап басып шығарар болсақ, онда жарық көретін кітаптың саны азайып кетеді – ау деген күмән пайда болары сөзсіз. Бірақ біз кітаптың әсер етуші қуатының мықты екенін әсте естен шығармауымыз керек. Яғни, бізге саннан гөрі сапа қымбат. Бұл дегеніңіз оқырманның талғамы дұрыс қалыптасу деген сөз. Яғни, талғамы жоғары, талабы қатаң оқырман қалыптастыру. Қатаң, жоғары талаптан сапа пайда болады .Сапалы тауар – өтімді тауар.Егер біздің басып шығарып жатқан кітабымыз тауар деп қарастырсақ сол тауардың, яғни өндіріп отырған тауарымыздың өтімді болуына біздер мүдделіміз. Бүгінгі таңда кітап тарату ісі, саудасын дамыту мәселесі өткір тұр. Қазақстандағы кітап саудасының көкейкесті мәселесі көп.....
КІРІСПЕ Тақырып өзектілігі: Аударма тарихы алыстан келе жатыр. Бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, танысуы, өз елінің ой-санасын өркендету тиянақты тірегі болып табылатын аудармаға дүние жүзінің атақты ғалымдары ерекше көңіл бөлген. Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Орыс классиктері мен бүкіл дүниежүзілік әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ тіліне көп уақыттан бері үзбей аударылып келеді. Сонымен қатар қай халықтың болса да, сондай-ақ қазақ халқының өмірінде аударма әдебиет зор роль атқарады. Сондықтан аударма мәселесі - өмірлік мәні бар маңызды мәселе. Аударма арқылы жұрт адамзат ақыл иелерінің басынан шыққан асыл қазыналармен танысады. Аударма арқылы халық өткен ғасырлардағы және осы замандағы дүниежүзілік мәдениеттің жемістеріне ие болады. Аударманың маңызы мұнымен ғана сарқылмайды. Аударма ана тілінің қалыптасып, дамуына да әсер етеді. Экономикамыз бен мәдениетіміздің орасан өсуі нәтижесінде қазақ тілінің сөздігі жаңа сөздермен, сөйлемшелермен байыды. Қазақ тілінің қалпы, оның грамматикалық құрылымы, негізгі сөздік қоры бұрынғы күйінде қалғанмен, қазір оның сөздік қоры молайды. Кейбір ескірген сөздер сөздік қорынан шығып қалды, көптеген сөздердің мағынасы өзгерді, тілдің грамматикалық құрылысы жақсарды. Әдеби тіліміздің осындай қалыптасу процесінде орыс кітаптарын қазақ тіліне аударудың елеулі маңызы болды. Жұмыстың мақсаты: М. Әуезов шығармашылығының аударма саласымен байланысын, қарастырып, аударма шығармаларымен танысу. Атаулы қойылған мақсатта келесі міндеттер анықталды: - М.Әуезовтың аудармашы ретінде әдебиетте алатын орнын анықтау; - Жазушының аударма еңбектерін қарастыру; - М.Әуезовтың аудармасы мен қазіргі кездегі аударманың сабақтастығын қарастыру; Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста М.Әуезовтың аудармашылық қызметі бүгінгі заман тұрғысынан қарастырылады. Себебі, аударма - шын мағынасында ғылыми жұмыс. Аударма творчестволық ізденудің, әдеби шеберліктің нәтижесінде туады. Осы мағынада аударма өнері деп танылады. Аударма өнеріне жетілу үшін, біріншіден, шығарма қай тілге аударылса, сол тілді, яғни қазақ тілін жақсы білу керек. Қазақша сөйлеу, жаза білу қазақ тілін озық білгендік болып табылмайды. Ана тіліміздің бүкіл байлығын меңгерген, әдеби тілдің заңдарын игерген және оларды іс жүзінде қолдана білетін адамдар ғана қазақ тілінің шебері деп есептелінеді. Екіншіден аударма өнеріне жетілу үшін шығарма қай тілден аударылса, сол тілді, яғни орыс тілін жақсы білу керек. Оны ресми сөздіктердегі мағынасында ғана емес, халықтың ауызекі сөзінде кездесетін әр алуан мағынасында жете түсіну қажет. Үшіншіден, аудармасы аударылатын шығарманың мазмұнын оның жазылған дәуірін, сол дәуірдегі тарихи оқиғаларды зерттеп білуге міндетті. Міне тек осындай шарттарды орындағанда ғана аударма өнеріне жетілуге болады. Жұмыстың ғылыми негізділігі: Атаулы аударма тақырыбы ХХ ғасырдан бастап зерттелініп келе жатқан тақырып. Бұл саланың дамуына М.Әузов, С. Талжанов, бертін келе Г Қазыбек, Л.У.Абенова және басқа да зерттеушілер өз үлесін қосып отырды. Атаулы салада жазылған біраз ғылыми еңбектер де баршылық. Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде М.Әуезовтың аударма шығармалары, аударма саласына қатысты жазған ғылыми зерттеу мақалалары, тікелей аударылған автор шығармалары, ғылыми мақалалар, оқулықтар, баспасөз беттеріндегі материалдар алынды. Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА
1.1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері
Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым – қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма – халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі ол – бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімінің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі. Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым – қатынастың, алыс – берістің, айырбастың құралы. Аударма – елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың, тәжірибе – тағылым алмасудың делдалы.....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор. Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты. Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі ғылыми әдебиетте Қазақстан библиографиясының тарихы теориялық және әдістемелік мәселелері Е.Нығметовтың «Қазақстанда мемлекеттік библиографияның даму тарихынан», Г.П.Царевтің «Библиография библиографии Казахстана», У.К.Мауленбердинаның «К развитию краеведческой библиографии в Казахстане», З.Қасымованың «О развитии государственной библиографии Казахской ССР», К.Ш.Бекмухамедовтың «Развитие библиографии в Казахстане за годы Советской власти», М.А.Ақшалдың «Основные этапы развития и современное состояние общественно-политической библиографии в Казахстане», Т.М.Алсатовтың «Рекомендательная библиография Казахстана», А.Т.Байбосынованың «Қызықты библиография» және тағы басқа да авторлардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты өлкетану библиографиясының кейбір өзекті мәселелері де жоғарыда аталынған еңбектерде зерттелінген. Өз алдына жеке басылым түрінде жарық көрген еңбектердің бірі ретінде 1979 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан С.Ш.Ахметованың «Өлкетану библиографиясын» ерекше атап өтке жөн. Сонымен қатар, диплом жұмысында тақырыпқа қатысты бүгінгі күнге дейінгі жинақталған көптеген ғылыми зерттеулер мен мақаларды жүйелі түрде қарастыру, соның нәтижесінде өлкетану библиографиясының жалпы мселелерін ашүып көрсету, қазіргі Республиканың өлкетанулық библиографиялық ресурстарын зерттеу көзделген. Диплом жұмысының ғылыми-практикалық маңызы Өлкетану библиографиясы мәселелеріне арналған зерттеулердің әрі қарай даму....
Бүгінгі Қазақстанның бір қаласындағы бір мектептің онбірінші сыныбында бір мұғалім апай сабақ жүргізіп отыр. Мұғалім апай: Балалар, мен өзім шалғайдағы ауылдан көшіп келіп, осындай оқуға барлық жағдай жасалған мектепке орналасып, өздеріңдей кілең білімді балалар оқитын классқа сынып жетекшісі болғаныма қуанамын. Сіздер бірнеше тіл білесіздер, араларыңызда ғылыммен, өндіріспен, экономикамен, саясатпен, әлеуметтік және басқа да нақты мәселелермен айналысамын дейтіндер, өнертапқыштар, спортсмендер, ақындар, күйшілер, суретшілер бар, барлықтарыңыз таланттысыздар. Мұғалімдер Сіздерге өзіміздегі және шет мемлекеттердегі ең жақсы тәжірибелерді пайдалана отырып жан-жақты білім беруге тырысты. Енді бір-екі айда мектептіде бітіресіздер, бәріңіздің қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндіктеріңіз бар, шетелге оқуға бара қалсаңыздар біздің еліміздегі білім деңгейінің жоғары екендігін дәлелдей жүріңіздер. Қазіргі жаһандану заманында ел мен ел қоян-қолтық араласып жатқан.....
Зар заман деген – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына "зар заман" ақындары деген ат қойдық. Бұл ақындардың дәуірі жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады.
Біз тарихи өлеңдерді қарастырған уақытта, осы жүз жыл қазақ тіршілігіне қандай жаңалық әкеліп, қандай күйге түсіргенін айтқанбыз. Бұрын өз бетімен еркін жүрген елдің тіршілігі осы дәуірде қайғыны да, қазаны да, толып жатқан өзгерісті де көрген. Сол ауыр күндері ел ортасынан екі алуан адамды шығарды дегенбіз. Біреуі – тарихи өлеңдерде саналған ел қаһармандары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар, мұңын сөзбен шығарған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын. Қазіргі қарастырғалы отырған зар заман ақындары – сол ел қамын сөзбен жоқтаған жоқшылар. Бұлардың туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден туғандықтан, барлық ақынды тарихи көлемінде қарастыру керек. Бұларды ұғу үшін соларды туғызған ел мен шартты тарих бетінен ұғыну керек. Бірақ біз сол заманның жалпы тарихтағы нобай суретін тарихи әңгімелердің тұсында айтқандықтан, бұл бөлімде тарихи мағлұматтың дәл өзіне тоқтамаймыз. Оның орнына сол дәуірдегі өлең, жырға тарих суреті қандайлық болып түсті, зар заман деген бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кім? Бұрынғы өлеңдерден басқалық жаңалығы бар ма? Кейінгі заманға қандай сарқыт қалдырды? Онан соң әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады? Мінеки, бұл бөлімде әрбір ақынның өлең, мысалдарын көбірек көрсетіп отырып, анықтамақ болған түйінді мәселелер осылар. .....
1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.
Барлық кітаптарда алғысөз әрі бірінші, әрі ең соңғы нәрсе; ол не кітаптың жазылу мақсатын түсіндіреді де, не дәлелдер айтып сынға жауап береді. Әдетте оқушылардың рухани жағында да, журналдардың сөккенінде де жұмыстары болмайды, сондықтан олар алғысөзді оқымайды да. Әсіресе бізде мұның былай болуы өте күйінішті. Біздің халқымыз сондай жас, сондай ақкөңіл ғой, мысалдың аяғынан ақыл айтқан сәуегейлікті таппаса оны ұға алмайды. Олар қалжыңды түсінбейді, мысқылды сезбейді; олар асылында қисық тәрбиеленген. Олар осы күнгі білімпаздық бұрынғыдан гөрі өткір және көзге түсе қоймайтын, мақтау пердесін жамылып отырып, қарсыласуға мұршасын келтірмей тура соғатын құрал тапқанын, сондықтан тәуір орта мен тәуір кітапта балағатқа орын болмайтынын әлі білмейді. Біздің халық біріне-бірі қарсы екі орданың төңірегіне жататын екі дипломаттың әңгімесін естігеннен кейін, е, бұлар өздерінің сыпайы достығы үшін әрқайсысы өз үкіметін алдап жүр екен ғой деген қорытындыға келетін провинциалдарға ұқсайды.
Бұл кітап жуық арада бірқатар оқушылардың, тіпті, журналдардың сөздің тікелей мағынасына сену зардабын тартты. Біздің заманның геройы тәрізді адамгершіліктен жұрдай біреуді бізге үлгі етіп тартты деп біреулер өте қатты намыстанды, ал, енді біреулер шығарушы өз портретін және өзінің таныстарының портретін суреттеген екен десті... Тым ескі, бишаралық қалжың! Шамасы, өзіндегінің бәрі жаңарып жатқанда осы бір сандырақтары жаңармайтын болған-ау, русь тегінде солайша дүниеге келген ғой. Сиқырлы әңгімелердің ішіндегі ең барып тұрған сиқырлысының өзі де бізде біреуді балағаттау үшін жазылыпты деген даудан аулақ бола қояр ма екен! .....
Өзеннің екіге бөлініп ағатын сағасынан жақында ғана кен зерттеушілер титан элементі кездесетін рутил минералын тапқан. Бұл адам айтқысыз зор байлық болатын. Бірақ кеннің негізгі желісі өзеннің тармақтанып, теңізге барып құятын оң жақ саласының астында болып шықты. Енді тек осы мол қазынаның үстіндегі суды тоқтатып, қабат болып жауып жатқан әк тасынан аршып алып, бай минералға жету ғана қалған еді.
Үкімет титанның адамзаттың келешегіне, бейбітшілік ісіне зор маңызы бар екенін ескере отырып, осы Жарқын қойнауын пайдалануға асығыс түрде кіріскен-ді. Өзеннің оң жақ саласын құрғату үшін бөгет сала бастаған. Осы бөгет қасынан жаңадан рудник ашуды ұйғарған.
Рудниктің салынып жатқан жері — сұрғылт топырақты алан. Солтүстіктен күнбатысқа қарай аттың тағасындай дөңгелене келген, бірімен-бірі жалғаса біткен құлын жалды жоталар. .....