Құштарлық туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 26
Қанатты сөздер жинағы: 24
Әңгімелер жинағы: 2

Философия қашан да қызмет алуға құштарлық танытқан. Орта ғасырларда ол аncilla teologiael атанды, ал қазір ол – ғылымдардың қызметшісі. Ал өзін..
©  Лев Шестов
Жан тыныштығын жоғалтқан адам ғана жұрттың бəрінен асқан құштарлықпен ойнайды.
©  Эрик Берн
Білімге құштарлық дегеннің не екенін білетін жəне білімге құштарлар сəл-сəл, бірақ міндетті түрде бұрын-сонды болып көрмеген бірдеңеге таяй түседі.
©  Александр Лосев
Құштарлыққа айналған басы айналған сандырақтың негізі үздіксіз үйкелістегі сезімталдықта жатыр.
©  Поль-Мишель Фуко
Құштарлық пен ессіздік классикалық дəуірге дейін де қол ұстасып қатар жүрген, қазір де қатар келеді, тегі, алда да солай қатар жүре беретін болуы..
©  Поль-Мишель Фуко
Рухты айқын танытуға ұмтылыс зор құштарлыққа жатады.
©  Людвиг Витгенштейн
Адам неғұрлым мойып, салы суға кеткен жағдайда болса – ол көзге ұрып тұрса да, тұрмаса да – оның этикаға деген құштарлығы солғұрлым күшейе түседі.
©  Мартин Хайдеггер
Қайда барсам құтыла алмас құштарлық,Қорғаныш жоқ бойымды сау ұстарлық.
©  Александр Пушкин
Біздің жаста жасау шұғыл бұрылыс,Ол – құштарлық, өлі ізіндей құбылыс.
©  Александр Пушкин
Біздің қанымызда билікке мас болуға деген құштарлық бар: сондықтан да жанымыз жиі биікке-көтерілу ойынының добына айналады. Одан бір-ақ нəрсе..
©  Альфред Адлер
Еркектер мен əйелдер бір-біріне ұқсамайтындықтан да бірбірін ерекше құштарлықпен аңсап іздейді.
©  Эмиль Дюркгейм
Дүниеде бір ғана анық нəрсе бар: ол – өсіп-өнуге деген құштарлық!
©  Пьер Тейяр де Шарден
Үйлесімділікке құштарлық – ұлы құлшылық.
©  Жорж Батай
Ең ізгі əдебиетте де ессіз құштарлыққа орын табылады.
©  Жорж Батай
Мен құмардан шығуға – қаншалықты құштар болсам, басыпжаншу дегенді – соншалықты жек көремін.
©  Жорж Батай
«Қорлық» қылмыс пен «құштарлық» қылмыс – бір-біріне қарама-қарсы. 
©  Жорж Батай
Ақсүйектік (аскеза) – объектіден алыстаудың ең сенімді құралы:ол объектіге байлап-матап қоятын құштарлықты өлтіреді.
©  Жорж Батай
Нәпсі аңсары дегеніміз нәсілге (түрге) пайдалы құндылықты өз жеке басына да пайдалы деп есептейтін алдамшы сезім. Нәсілдік мақсат орындалғанда елес..
©  Артур Шопенгауэр
Табиғат жасырынбақ ойнауға құштар. 
©  Гераклит
Адамның кереметтігі оның бір істі даңққа бөленердей баршадан артық істеуі. Ал, тобыр сиыр секілді тойынғанға ғана құштар. 
©  Гераклит
Дүниедегi ұлы нәрселердiң ешбiрi құштарлықсыз жүзеге аспайды. 
©  Галилео Галилей
Құштарлықсыз жаратқанды да тани алмайсың. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болса да ілгері баспайды.
©  Павлов Иван Петрович
Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.
©  Будда