Артық туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 17
Ақын өлеңдері жинағы: 16
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 18
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 1

Азға емес, артыққа қанағаттану керек.
©  Марғұлан Сейсембай
 Болатын нәрсе болады. Одан артық та болмайды, кем де болмайды.
©  Аслан Қаженов
Дүние жеткізбейді ойласаң да,Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.
©  Ақан Сері
Бiр адам басқа адамға бiр тамшы жылудан басқа не бере алады? Және бұдан артық не болуы мүмкiн?! 
©  Ремарк Эрих Мария
Қарға да қанат қомдап қарқылдайды,Несi артық менен осы сұңқардың деп. 
©  Фариза Оңғарсынова
Биязы, тәрбиелі оңбағаннан, «боқауыз» жақсы адам болған артық. 
©  Фаина Раневская
Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету. 
©  Уильям Шекспир
Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян. 
©  Құтып
Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады.
 
©  Құтып
Егер әр ұлт өзін өзгелерден артық санаса, соғыстың басты алғышарты сол. 
©  Дейл Карнеги
Артықтан тағылым ал, кемге — үйрет.
©  Міржақып Дулатұлы
Мен артық киімдердің болғанын қаламаймын. Өйткені киімің көп болған сайын оларды жұмсайтын күш-қуатың да көп болады.
©  Роберт Де Ниро
Шынында да, адамның өзiн-өзi жеңуi, өзiне-өзi тиянақты түрде тыйым сала бiлуi, өзiн-өзi көндiре бiлуi басқа бiреудi жеңуінен әлдеқайда артық.
©  Будда
Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.
©  Будда
Бiз адамға табиғатынан дарынды дегеннен артық мақтау таба алмаймыз.
©  Мишель де Монтень
Ештеңені жасағаннан да ештеңе жасамаған артық.
©  Лев Толстой
Өзiнiң ақымақтығын жасыра бiлетiн адам, өзiнiң даналығын көрсеткiсi келетiн кiсiден артық.
©  Лев Толстой
Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.
©  Бауыржан Момышұлы