Тіл туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 6
Мақал-мәтелдер жинағы: 363
Жұмбақтар жинағы: 24
Балаларға арналған тақпақтар: 26
Ақын өлеңдері жинағы: 249
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 208
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 5
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 30
Ертегілер жинағы: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 15
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 12

Қайран тіл, қайран сөз — наданға қадірсіз... 
©  Темір МЫҢЖАС
Тіл – ойдың сыртқы көрінісі емес, ойдың өзі.
©  Поль-Мишель Фуко
Тіл деген – бұралаң-бұрылысы көп сапар.
©  Людвиг Витгенштейн
Өзге тілді қанша көп білсең, сонша жақсы,Өз тіліңді қанша білмесең, сонша қасірет.
©  Жәди Шәкенұлы
Менің тілімнің шекарасы – менің əлемімнің шекарасы.
©  Людвиг Витгенштейн
Өзге елдің тілдерін білген сайын өз тілімнің байлығы мен құдіретіне көзім жетіп келеді.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Тіл- ұлттың жаны. Тілім жоқ болса ұлтым да жоқ, ұлтым жоқ болса мен де жоқпын. Бар қазақ осылай ойласын!
©  Дүкен Мәсімханұлы
Ой орамдары бізді білінер-білінбес құпия ишаралармен тіл арқылы алып өтеді.
©  Мартин Хайдеггер
Тіл, тұтас жүйе тұрғысынан алғанда, сақау болып қалады.
©  Элиас Канетти
Бала тілі шықпай жатып-ақ сөйлей бастайды.
©  Освальд Шпенглер
Өткір тіл – қанжардан да қиғыр.
©  Сақып Керелбаев
Тілі бірдің – діні бір,Діні бірдің – ділі бір.
©  Сақып Керелбаев
Тіл – не түгел беріледі, не мүлдем болмайды.
©  Жиль Делез
Кімнің сөйлеп тұрғаны тілдің қандай мүмкіндіктері бар дегеннен кем маңызды мəселе емес.
©  Жиль Делез
Адам баласының тіршілігі тілмен тығыз байланысты.
©  Жорж Батай
« Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама алу »  
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Тіл – ұзақ-сонар қызыл-жасыл метафорасыз күн көре алмайды.
©  Жак Деррида
Тілге бұйырған тағдырдың өзі – тəннен бөлініп шығу.
©  Жак Деррида
Əдеби дəстүрдің тілдің өзімен таласып, оның сыртынан да бірдеңе тауып алғысы келгенінде тұрған ештеңе де жоқ.
©  Жак Деррида
Өз тілінде сөйлеу – тəржімə талап ету деген сөз.
©  Жак Деррида
Тілден де тыс бірдеңе бардай көрінетін бірдеңе бар екені анық: бəрі қалай айтуға байланысты.
©  Жак Деррида