meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Тас, жануардың жон арқасы, кісінің денесі, менің денем – бəрі бір деңгейлес дүниелер.
©  Людвиг Витгенштейн
Кейде тура көз алдыңда жатқан нəрсені көрудің өзі қандай қияметке айналады десеңізші?!
©  Людвиг Витгенштейн
Ой қанша қораш көрінгенімен, бүкіл ғұмырыңа жетуі де мүмкін.
©  Людвиг Витгенштейн
– Философиямен айналысқандағы мақсатың не? – Шыбын-шіркейге шілтер тордан шағудың жолын көрсету.
©  Людвиг Витгенштейн
Адам əрбір таң атқан сайын жансыз жарғақты жарып шағын, жанды жылылық шуағына қол созады.
©  Людвиг Витгенштейн
Адамның бетіндегі түрлі құбылыстарды аңдау – музыка аккордын талдауға тең: бір тоннан бір тонға өтіп, құбылады да тұрады.
©  Людвиг Витгенштейн
Зерттеу ой əлемін ар жағынан бір, бер жағынан бір шығып, еркін шарлауға мəжбүр етеді.
©  Людвиг Витгенштейн
Кейде ой істе ақталатындықтан ғана ойланады.
©  Людвиг Витгенштейн
Сөзді дəлелсіз қолдану – оны теріс пайдалану деген сөз емес.
©  Людвиг Витгенштейн
Түсіндіру дегеніміз – ойлау, қызмет, ал көзқарас дегеніміз – қалыптасқан жағдай.
©  Людвиг Витгенштейн
Өз пікіріңнің болуы – қалыпты жағдай. Бірақ ненің жағдайы: жанның ба, əлде, рухтың ба?
©  Людвиг Витгенштейн
«Сократ» жəне «Платон» деген есімдер ұқсас: екеуі де – кісі аттары.
©  Людвиг Витгенштейн
Ат қою – заттың əлдебір қасиетін таныту үшін қажет.
©  Людвиг Витгенштейн
Өзіңді бағалайтын ортада өмір сүр! Бағаламай жатса, дұрыс орта таңдамағаның. Дұрыс ортада сен де дұрыс адам боласың. Ортаң сенің айнаң!  
Кез-келген қатенің де пайдасын көргенге не жетсін.
©  Людвиг Витгенштейн
Кейде ой да ағаштың басынан піспеген күйінде топ ете қалады.
©  Людвиг Витгенштейн
Ойлаудың да өз егісі мен қырманы бар.
©  Людвиг Витгенштейн
Сөздің мағынасы дегеніміз – оны пайдалану тəсілі.
©  Людвиг Витгенштейн
Өмір – байсалды, өнер – жеңілтек келеді.
©  Людвиг Витгенштейн
Қалауың – оқиғаның алдында, ал ерік-жігерің – соңында жүреді.
©  Людвиг Витгенштейн
Ойлануға ұмтылу – бір нəрсе де, ойлау дарының иесі болу – екінші нəрсе.
©  Людвиг Витгенштейн
Егер құрбандық шалу арқылы өз даңқ құмарлығыңның көңілін табудығана ойласаң – онда сені құрбандығыңмен қоса қарғыс атады.
©  Людвиг Витгенштейн
Егер істің түйінін шеше алмайтын болсаң, ең дұрысы – қолыңнан келмейтінін білу, ал ең лайықты əрекет – соны мойындай алу.
©  Людвиг Витгенштейн
Егер адам баласы ешқашан ешқандай ақымақтық жасамайтын болса – ақылды да ештеңе дүниеге келе қоймас еді.
©  Людвиг Витгенштейн