meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Дүние – заттардың емес, деректердің жиынтығы.
©  Людвиг Витгенштейн
Дүние – менің еркімнен тыс нəрсе: ол маған бағынбайды.
©  Людвиг Витгенштейн
Дүние мен өмір – бір ғана нəрсе.
©  Людвиг Витгенштейн
Дүние дегеніміз – өткінші біткеннің бəрісі.
©  Людвиг Витгенштейн
Əуен, музыкалық дарыны жоқтар айтып жүргендей, түрлі дыбыстардың қоспасы емес.
©  Людвиг Витгенштейн
Əуен де – тавтологияның бір түрі: ол – өзімен-өзі оңаша, өзіне өзі көңілі тола əлемге жатады.
©  Людвиг Витгенштейн
Математиканың басқа ғылымдардан айырмашылығы оның əдетте тілдің ұшында тұрмайтын істермен айналысатындығында жатса керек. Ал тілдің ұшына жиі..
©  Людвиг Витгенштейн
Адам кейде идея дегенге бізден алыста жатқан жұлдыздар əлеміне қараған астроном тəрізді қарайды.
©  Людвиг Витгенштейн
Ешкімді де жақсылыққа жетектеп апара алмайсың.
©  Людвиг Витгенштейн
Кез келген сөйлем өзіне керағар сөйлемді жоққа шығарады.
©  Людвиг Витгенштейн
Кез келген сөйлемді жоққа шығаруға болады.
©  Людвиг Витгенштейн
«Жақын адамыңды жақсы көру» – қалау, қажет ету деген сөз.
©  Людвиг Витгенштейн
Қисын кез келген мүмкіндікке қатысты, ал қисынды деректер – барлық мүмкіндіктердің өзегі.
©  Людвиг Витгенштейн
Қисын өз жағдайын өзі ойлануға тиіс.
©  Людвиг Витгенштейн
Объектілер ғана дүниеге берік түр береді.
©  Людвиг Витгенштейн
Бізді өмірмен де, өліммен де байланыстырып тұрған тек ерлік қана.
©  Людвиг Витгенштейн
Менің естеліктерімді басқаларға жеткізу үшін пайдаланған сөздерім – еске түскен жəйлерге деген менің өз көзқарасым.
©  Людвиг Витгенштейн
Ойлы сөз бен ойсыз сөзді – музыкалық шығарманы түсініп жəне түсінбей орындаумен теңестіруге болады.
©  Людвиг Витгенштейн
Ешбір дерегінің ақиқаттығына көзі жетпеген адам, сөйлеген сөзінің мағынасына да күмəнмен қарайды.
©  Людвиг Витгенштейн
Сөздің мағынасын білсең, оны түсіну мен пайдалану да оңай.
©  Людвиг Витгенштейн
Мынау қолайлы дегенді білсең: ол басқаларды да өзіне ертіп алып шығады.
©  Людвиг Витгенштейн
Өтірік өте көп білген соң өтірік айтпау мүмкін емес.
©  Людвиг Витгенштейн
Шындықтан қорыққан жерде толық ақиқат болуы мүмкін деген ойға да орын жоқ.
©  Людвиг Витгенштейн
Мен өз сөздеріме басқалалардан гөрі басқаша қараймын.
©  Людвиг Витгенштейн
Көзқарастағы, қимылдағы, дауыс ырғағындағы нəзіктік əзер көзге түсер ақиқаттарға жатады.
©  Людвиг Витгенштейн