meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Нәрселердi бұрмаламай, сол күйiнде тану — ақиқатқа апаратын тiке жол.
©  Джон Локк
Ерiк әрдайым ойды көрсетедi, тiлек ерiктен озық жүредi, ал жағдайдан тiлек туындайды.
©  Джон Локк
Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің.
©  Пьер де Бомарше
Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар.
©  Пьер де Бомарше
Толассыз еңбек тосқауылды бұзып өтеді...
©  Михаил Ломоносов
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
©  Михаил Ломоносов
Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те көретініміз химия ғажайыптары.
©  Михаил Ломоносов
Екіжүзділік — қиын кәсіп емес, кез-келген теріс пиғылды адам оған оңтайлы.
©  Петёфи Шандор
Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болса да ілгері баспайды.
©  Павлов Иван Петрович
Біз организмімізге немқұрайлықпен қараушылықтан өз өмірімізді өзіміз қысқартамыз.
©  Павлов Иван Петрович
Режим мен еңбек — денсаулықтың кепілі.
©  Павлов Иван Петрович
Шарап ішпеңіз, жүректі темекімен жүдетпеңіз.
©  Павлов Иван Петрович
Өзінің еркін дамытқысы келген адам кедергілерді жеңіп үйренуге тиіс.
©  Павлов Иван Петрович
Еңбек сүйгіштік — адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі.
©  Шыңғыс Айтматов
Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады да, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап тауып алады.
©  Шыңғыс Айтматов
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін — ұлы.
©  Шыңғыс Айтматов
Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау.
©  Шыңғыс Айтматов
Мынау пәнидің жалғандығына көзі жеткен ол (Бейбарыс) дүние шыр көбелек айналып,ең соңғы иек қағар сәтінде: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде..
©  Шыңғыс Айтматов
Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді.
©  Шыңғыс Айтматов
Өмір еңбексіз ештеңе бермейді.
©  Гораций
Сауыңда жүрмесең, ауырғанда әуре болуыңа тура келеді.
©  Гораций
Сауыңда жүгірмесең, ауырғанда әуре болуыңа тура келеді.
©  Гораций
Денсаулығың бар кезде жүгірмесең, аурушаң болғанда жүгіруіңе тура келеді.
©  Гораций