Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Бүгін үшін бір ойласаң, ертең үшін екі ойла.
©  Жәди Шәкенұлы
Ізгілік үшін шаршағанның ұйқысы тыныш болады,Байлық үшін шаршағанның басы даусыз болмайды.
©  Жәди Шәкенұлы
Ұяты күшті адам ұрлықтан аулақ болады,Намысы кұшті адам құлдықтан аулақ болады.
©  Жәди Шәкенұлы
Өз ұлтын сүймеген адамнан отаншылдық шықпайды.
©  Жәди Шәкенұлы
Жастың жанына, кәрінің ақылына үйір бол.
©  Жәди Шәкенұлы
Ашу – ақылдың тонаушысы,Ақыл – адамдықтың қорғаушысы.
©  Жәди Шәкенұлы
Еңбекті емшек еткен бала уызға жарып өседі.
©  Жәди Шәкенұлы
Бүгін өлердей тойып, ертеңінде аш жүретін адам – адамнан көрі хайуанға көбірек ұқсайды.
©  Жәди Шәкенұлы
Нан жегенде егіншіні еске ал,Ет жегенде малшыны еске ал.
©  Жәди Шәкенұлы
Адал терің көп төгілсе, алал асың көп болады.
©  Жәди Шәкенұлы
Бақытсыздықтың бастауы – ақиқатты мойындамаудан басталады.
©  Жәди Шәкенұлы
Жауыңды тез жерлеуді ойлама, оның досыңа айналуын ойла.
©  Жәди Шәкенұлы
Ақылды адам ажал аузында да ақылды.
©  Жәди Шәкенұлы
Батылдық пен сенім – жеңістің баспалдағы.
©  Жәди Шәкенұлы
Өзім қуанамын десең, өзгені қуандыра біл.
©  Жәди Шәкенұлы
Еңбекке жүгірген жанның еншісін Алла береді.
©  Жәди Шәкенұлы
Қыс қарсыз болса, жаздағы егініңді ойла,Жаз жауынсыз болса, қыстағы шөбіңді ойла.
©  Жәди Шәкенұлы
Аз ақшаны аялап ұстасаң, көпке жетеді,Көп ақшаны шашып ұстасаң, азға да жетпейді.
©  Жәди Шәкенұлы
Көкірегіңе даналықтың ұрығын сепсең, жемісін ұрпағың жейді.
©  Жәди Шәкенұлы
Алдыңа ас келгенде қанағатты ұмытпа,Басыңа бақ қонғанда жамағатты ұмытпа.
©  Жәди Шәкенұлы
Өзге тілді қанша көп білсең, сонша жақсы,Өз тіліңді қанша білмесең, сонша қасірет.
©  Жәди Шәкенұлы
Өзін халқына арнап, ел үшін адал еңбек еткен жанды ерте ме, кеш пе халқы да ардақтайтын болады.
©  Жәди Шәкенұлы
Заманның құлы болма, заңғар еліңнің ұлы бол.
©  Жәди Шәкенұлы
Саясат өзгереді, заң да өзгереді,Алайда адамның адамдығы мәңгі өзгермеуі тиіс.
©  Жәди Шәкенұлы