Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Қисынсыздық ойға бағынбайды, өйткені басқаша болған жағдайда қисынсыз ойлау қажет болар еді.
© Людвиг Витгенштейн
Шын мəніндегі ерекшеліктің басы – өзің бола алмайтын бірдеңе боламын деп əуре болмау.
© Людвиг Витгенштейн
Арманың биік болмайынша адымың ашылмайды,Арың таза болмайынша қарығың ашылмайды.
© Жәди Шәкенұлы
Сатқындық – сені уақыттық пәледен құтқарғанымен, уақыттың жазасынан құтқара алмайды.
© Жәди Шәкенұлы
Көңілің көктем болса, өмірің жаз болады,Айдының ашық болса аққу мен қаз қонады.
© Жәди Шәкенұлы
Орынсыз қызғаныш – етегіңе ілінген от, дер кезінде өшіріп тастамасаң өртеніп кетесің.
© Жәди Шәкенұлы
Тау қанша биік болғанмен аспанның астында,Өзен қанша асау болғанмен жердің бетінде.
© Жәди Шәкенұлы
Өзі туралы айтылған ғайбатты естігенде сабыр сақтап, желп етпеу – ер жігіттің сабаздығы.
© Жәди Шәкенұлы
Көзінің алдын ғана ойлайтын адамның көрі жақын болады,Көптің қамын ойлайтын адамның төрі жақын болады.
© Жәди Шәкенұлы
Ақылды ұл ата тегін сұрағыш келеді,Ақылсыз ұл көршінің баласында кеткен кегін сұрағыш келеді.
© Жәди Шәкенұлы
Заңына құрмет етпеген елдің залымы көбейеді,Ұлыларын ұлықтаған елдің ғалымы көбейеді.
© Жәди Шәкенұлы