Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Философтың басты қасиеттерінің бірі – өзіне қатысы жоқ мəселелерге мойын бұрмайтындығы.
©  Людвиг Витгенштейн
Бір дəуірді бір дəуір түсіне бермейді: тек түкке тұрмайтын бір дəуірлер ғана басқалардың бəріне өз төбешігінің деңгейінен андасанда баға бергіш..
©  Людвиг Витгенштейн
Философ үшін ең күрделі мəселе – шəркесінің қай жері қысып тұрғанын табу.
©  Людвиг Витгенштейн
Түсіндіру – түсініспестіктің алдын-алуға немесе жоюға қызмет етеді.
©  Людвиг Витгенштейн
Бейне де дүниеге өз көлеңкесін түсіруге тиіс.
©  Людвиг Витгенштейн
Бейне – жоқ қарым-қатынастарды да суреттеп бере алады.
©  Людвиг Витгенштейн
Бейне (образ) – суреттеудің орнына жүре алады.
©  Людвиг Витгенштейн
«Мен өз түйсігімді білемін» деуге болмайды: сен оның бар екендігін ғана білесің.
©  Людвиг Витгенштейн
Бірдеңенің атын дұрыс сұрай алу үшін алдымен оның өзі не екенін, қалай жасалатынан білу керек.
©  Людвиг Витгенштейн
Өз өркөкіректігіңнің сұлу сарайының күлпаршасын шығаруың керек: мұның өзі – өте қиын шаруа.
©  Людвиг Витгенштейн
Ешбір проблемасы жоқтай етіп өмір сүруге де бола ма екен, шіркін?!
©  Людвиг Витгенштейн
Жаңа сөз пікірталас танабына тасталған жас тұқым тəрізді.
©  Людвиг Витгенштейн
Бірде бір сөйлем өзі туралы ештеңе айта алмайды.
©  Людвиг Витгенштейн
Менің телпегімді менің орныма басқа біреу киіп жүрмейтіні тəрізді, мен үшін басқа біреу бас қатырып ойланып жатпайды ғой.
©  Людвиг Витгенштейн
Бір кісінің жан айқайынан зор апат белгісі жоқ.
©  Людвиг Витгенштейн
Онша көп нəрсе талап етпе жəне əлдебір əділ талабыңнан ештеңе шықпағанынан қорықпа.
©  Людвиг Витгенштейн
Сенімсіздеу айтылған пікірді сенімсіздіктің дəлелі деп қабылдамағайсың.
©  Людвиг Витгенштейн
Сирек кездесетін жəне жүйелі түрде жасалатын қателіктер арасында айтарлықтай шекара жоқ.
©  Людвиг Витгенштейн
Қорқыныш емес, өзің жеңген қорқыныш қана таңдануға лайық жəне өмірдің өзін өмір сүруге лайық деңгейге көтереді.
©  Людвиг Витгенштейн
Өзіңнен басқа ешкім түсінбейтін нəрсеге мүдделі болып əуре болма.
©  Людвиг Витгенштейн
Мəселені түсінеміз деп ойлап та жаңылысуымыз мүмкін емес пе?
©  Людвиг Витгенштейн
Дəл емес шекара – шекара емес. Ашық-шашық жатқан қоршау – қоршауы жоқ жермен бірдей.
©  Людвиг Витгенштейн
Адамға түсінбейтін жəне түсінуі мүмкін де емес нəрсе туралы айту артық болады.
©  Людвиг Витгенштейн
Өзіңді өзің алдаудан асқан қиындық жоқ.
©  Людвиг Витгенштейн