Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Өмірдің проблемалары атүсті шешілмейді, олардың шешімі тереңде жатады.
©  Людвиг Витгенштейн
Қолдану түсінудің өлшемі болып əлі де қала бермек.
©  Людвиг Витгенштейн
Кейде бұйрық орындалмайды. Бұйрық ешқашан орындалмаса не болар еді? «Бұйрық» ұғымы өзінің мəнін жоғалтқан болар еді.
©  Людвиг Витгенштейн
Тек сөз арқылы ғана ойланатын адамды көз алдыңызға елестетіп  көріңізші, қалай болар екен.
©  Людвиг Витгенштейн
Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігі туралы көзқарас өзгеріп тұрады. Менің өмірім көп нəрсені табиғи түрде қабылдауға негізделген.
©  Людвиг Витгенштейн
Кез-келген заттың артында бүкіл ғалам тұрады.
©  Людвиг Витгенштейн
Көзқарас – сурет емес, бірақ сурет оған ұқсас болып шығуы мүмкін.
©  Людвиг Витгенштейн
Сөйлем көне сөздер арқылы жаңа мағына бере алады.
©  Людвиг Витгенштейн
Даңққа бөлену – қар үстінде дем алумен бірдей қатерлі іс: қалғып кетсең болды – ұйқыңнан тұрмай қаласың.
©  Людвиг Витгенштейн
Күдік келтіру ойынына қатысудың өзі – сенімділік.
©  Людвиг Витгенштейн
Сөйлемнің мəнін ұғу – тілін түсіну деген сөз. Тілін түсіну – əлдебір техниканы меңгеру деген сөз.
©  Людвиг Витгенштейн
Қисындылық аясында «қызмет», «дəлел», «ұсыныс» деген сөздер кездеспеуі керек.
©  Людвиг Витгенштейн
Қолымды көтергенім – қолымды көтергім келгені емес.
©  Людвиг Витгенштейн
Ережені таңдамаймын, басшылыққа аламын: мен оған көзсіз еремін.
©  Людвиг Витгенштейн
Стив Джобстың соңғы сөздері
Өмірдегі ең құнды дүниелер жайлы Стив Джобстың соңғы сөздері (миллиардер 56 жасында қайтыс болған):"Мен іскерлік әлемде адам нанғысыз жетістікке..
©  Арман Тосқанбаев
Бар деп аспа Жоқ деп саспа! !!!!  Атамнаң қалғаң өсиет.
Қыздың пәктігін бұзып, оны тастап кеткен жігіттер - Iстеген iсін мойнымен көтере алмайтын НАҒЫЗ СОРЛЫЛАР!
©  Әлишер Әбдишев
Жүрегің қысылса, кең дүние тар болып көрінеді.
©  Есбол Бозан
Күмəнді жəне күмəнсіз адамның мінезі: біріншісі – екіншісі бар болған жағдайда ғана мүмкін.
©  Людвиг Витгенштейн
Əлде бірдеңенің не сипатты дүние екенін грамматика арқылы білесің.
©  Людвиг Витгенштейн
Ой елегінен өткізу – əлдекімге ұмтылу тəрізді.
©  Людвиг Витгенштейн
Адам өзі туралы өз биігінен қарап жазады. Бұл жерде ағаш аяққа немесе сатыға көтеріліп тұрудың реті жоқ: жалаң аяқ жер басып тұрсаң жетіп жатыр.
©  Людвиг Витгенштейн
Уақыттан озып кеткен адамның өзі алдымен оны қуып жеткен ғой.
©  Людвиг Витгенштейн
Керемет зор микроскоптың көз əйнегі (окулярі) де көзден үлкен болмауға тиіс.
©  Людвиг Витгенштейн
Күту мен орындау тілде табысады.
©  Людвиг Витгенштейн