Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Ненің болсын бастауын табу қиын. Дəлірек айтсақ бəрін басынан бастау жəне ешқашан қайта оралуға тырыспаудан қиын нəрсе жоқ.
© Людвиг Витгенштейн
Кейде қабырғаны ақылды-ақылсыз сөздермен айғыздап тастайтыны бар, бірақ механика теоремалары толтырылған қабырға кездестірген емеспін.
© Людвиг Витгенштейн
Асығып келе жатқан адам вагонның ішінде отырып-ақ оны итеріп келе жатқандай көрінеді.
© Людвиг Витгенштейн
Сұрақ бар жерде ғана күмəн болады, сұрақ – тек жауап бар жерде ғана болады, ал жауап – əлде бір нəрсе айтылуы мүмкін жерде ғана болады.
© Людвиг Витгенштейн
Күмəншілдікті жоққа шығаруға болады, бірақ ол мəнсіз нəрсе: өйткені сұрақ қоюға болмайтын жерде күдіктене бастайды.
© Людвиг Витгенштейн
Өз шығармаларым арқылы өзгелердің ойлауын жеңілдетуге ұмтылған емеспін. Менің қалауым басқа: мүмкіндік болса, еркін ойды ояту
© Людвиг Витгенштейн
Өмір сүру проблемасының шешімі проблема жойылғаннан кейін барып қана ойға оралады.
© Людвиг Витгенштейн
Бала ересектерге сенгендіктен барып көп нəрсе үйренеді. Күдік сенімнен кейін келеді.
© Людвиг Витгенштейн
Тек жалпы сөйлемдерден тұратын ғылым бар ма? Сұрақтың өзі құлаққа түрпідей тиеді.
© Людвиг Витгенштейн
Философиямен айналысу – негізінен өзіңді өзің жетілдірумен айналысу деген сөз.
© Людвиг Витгенштейн
Бұл туралы бұрын бірдеңе жазылды екен деп басыңды қатырып, əуре болушы болма. Кез келген нəрсеге бəрін басынан бастап ойлап кіріс.
© Людвиг Витгенштейн
Ұлы шеберлердің туындылары – біздің төбемізге көтеріліп барып, күні біткен кезде ұясына барып қонатын аспан шырақтары тəрізді. Осылайша күні өткен..
© Людвиг Витгенштейн
Тастарға ат қою мен біреудің сөзін қайталау үрдістерін тілдік ойындарға жатқызуға болар еді.
© Людвиг Витгенштейн