Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Философиялық проблемалар тіл еріккен кезде туады.
©  Людвиг Витгенштейн
Философия – ғылым емес, қызмет (іс-қимыл).
©  Людвиг Витгенштейн
Философия ақиқат бейнесін бере алмайды.
©  Людвиг Витгенштейн
Философия дегеніміз – тіліміздің түрлі құралдары арқылы интеллектіміздің есін шығарып жіберуге қарсы күрес.
©  Людвиг Витгенштейн
Іс жүзінде мен көбіне қаламыммен ойлаймын десем де болады: өйткені, көбіне қаламым не жазып жатқанын басым біле бермейді.
©  Людвиг Витгенштейн
Данышпанның мейірімі кез келген басқа жақсы адамның мейірімінен артық емес.
©  Людвиг Витгенштейн
Арыстан сөйлей бастаса, біз оны ұға алмай əуре болған болар едік.
©  Людвиг Витгенштейн
Жақсы теңеу ақыл-ойыңды сергітеді.
©  Людвиг Витгенштейн
Сенімділік – жағдайының қалай екені туралы əңгіменің əуені тəрізді, бірақ əңгіме əуеніне қарап, айтылғанның бəрі шындыққа сай екен деген ой түюге..
©  Людвиг Витгенштейн
Қалың тұман ішінде келе жатқанда мақсатты жерге таяқ тастамдай қалғандай көрінуі мүмкін. Бірақ тұман басылғанда ол одан əрі алшақтап кетеді.
©  Людвиг Витгенштейн
Оқырманның өз қолынан келетін нəрсені өз еркіне қалдырған жөн.
©  Людвиг Витгенштейн
Егер мен қолымды отқа салсам, ол оны күйдіріп тастайтыны нақтылыққа жатады.
©  Людвиг Витгенштейн
Көрсетуге болатын нəрсені айтуға болмайды.
©  Людвиг Витгенштейн
Сүйкімді нəрсе – ғажап бола алмайды.
©  Людвиг Витгенштейн
Адамдардың қалай ойлап, қалай өмір сүріп жатқанын олардың дəлелдеріне қарап-ақ аңғаруға болады.
©  Людвиг Витгенштейн
Айтылуға тиіс нəрсені айызын қандырып айту керек, айтуға болмайтын нəрсе туралы үндемесе де болады.
©  Людвиг Витгенштейн
Сенің қол жеткен табысың басқаға өзің қуанғандай зор болып көрінбейді.
©  Людвиг Витгенштейн
Ешқашан да дерлік адамның өз ойлаған арманы орындалмайды.
©  Людвиг Витгенштейн
Ақ қағаз бетіндегі қара ноқатты ақ пен қараның не екенін білмей-ақ дəл көрсетуге болады.
©  Людвиг Витгенштейн
Бақытты адамда үрей болмауға тиіс. Тіпті ажал алдында.
©  Людвиг Витгенштейн
Тек өте бақытсыз адамның ғана біреуге аяушылық білдіруге қақысы бар.
©  Людвиг Витгенштейн
Жауған сұрақтың астында қалып қойма, тек жайлы орналассаң жетіп жатыр.
©  Людвиг Витгенштейн
Қажет ұшы қолыңа тигенін анық білмей тұрып жіптің ұшын түйіп тастай көрме.
©  Людвиг Витгенштейн
Талант – үнемі суына су қосылып жататын бұлақ тəрізді. Бірақ дұрыс пайдаланбасаң ол да тез тартылып қалады.
©  Людвиг Витгенштейн