Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Экономикалық қадағалауды кісінің бүкіл тыныс-тіршілігін бақылаудан бөле-жара алып қарауға болмайды: мақсатқа жету құралына бақылау жасар болсаң..
© Фридрих Август фон Хайек
Экономикалық еркіндік дегеніміз – еркін таңдауға жəне соған сəйкес қатер мен жауапкершілікке негізделген кез келген іс-қимыл еркіндігі.
© Фридрих Август фон Хайек
Саясат əр түрлі адамдар үшін бірдей нəтиже беруі үшін, олардың əрқайсымен өзінше қарым-қатынас жасау керек.
© Фридрих Август фон Хайек
Адам табиғатының ерекшелігі сол: кісі теріс пиғылды бағдарлама негізінде тез тіл табысады.
© Фридрих Август фон Хайек
Жеке меншік – еркіндіктің басты кепіліне жатады: бұл тұжырым меншік иесіне ғана емес, меншігі жоқтарға да қатысты.
© Фридрих Август фон Хайек
Өз іс-қимылдарымыз жауап бере алатындай, өз еркімізбен жəне еркін құрбандыққа баратын жағдайда ғана біздің қабылдаған шешімдеріміз адамгершілік..
© Фридрих Август фон Хайек
Бір ғана ортақ мақсат бар жерде ешқандай этикалық нормаларға немесе ережелерге орын қалмайды.
© Фридрих Август фон Хайек
Социализмді тек социалистердің басым көпшілігі жоққа шығарып жүрген əдістермен ғана орнатуға болады.
© Фридрих Август фон Хайек
Қазіргі заман оқиғаларының тарихи оқиғалардан ерекшелігі – біз олардың неге апарып соғатынынан əлі бейхабармыз.
© Фридрих Август фон Хайек
Күрделі өркениет адам себеп-салдары мен табиғаты мүлдем белгісіз езгерістерге бейімделе білуі керек деп есептейді.
© Фридрих Август фон Хайек
Тарих – ғылым заңдарына бағынады дегенді, əсіресе, деспотизмді жақтаушылар ерекше жан салып қолдайтындығын атап өту керек.
© Фридрих Август фон Хайек
Бəсекелестік дамыған қоғамдағы таңдау еркіндігі қажеттіліктерімізді біреу өтей алмаса, екінші біреуге баруға болатындығына негізделген.
© Фридрих Август фон Хайек
Жағдайды адам төзгісіз етудің – «өзгерту қолымыздан келмейді» деген сенімділіктен өткен тəсілі жоқ.
© Фридрих Август фон Хайек
Сан алуан адам қажеттіліктерінің бəрін қамтуға ешбір ақылойдың шамасы жетпейді.
© Фридрих Август фон Хайек
Ешбір топ басқалардың ойлау жүйесі мен көзқарасына билік жүргізу қақын иемдене алмайды.
© Фридрих Август фон Хайек
Басқаша ойлау дегеннің кез келгеніне төзімсіздік таныту жəне оны барып тұрған ожарлықпен басып-жаншу, жеке адамның өмірі мен бақытын мүлдем көзге..
© Фридрих Август фон Хайек
Көп адамды өзінше ойлау қабілетінен айыру онша қиын емес. Бірақ оған қоса сындарлы сындарға деген ерік-жігерін жоймаған азшылықтың да аузын жабу..
© Фридрих Август фон Хайек
Төніп тұрған қауіп-қатерді сезіну үшін пайғамбар болу міндетті емес.
© Фридрих Август фон Хайек
Адамның өз таланына өзінің көңілі толмаушылығы, ол өз тағдыры басқалардың іс-қимылына байланысты екендігін сезінген кезде, бірнеше мəрте арта түседі.
© Фридрих Август фон Хайек
Кімнің жолы болатынын, кімнің жерге қарап қалатынын алдынала болжап білу мүмкін емес.
© Фридрих Август фон Хайек
Ерлік жасауға үйренуге тиістіміз: еркіндік үшін де ақы төлеу қажет екендігін ешбір қорқыныш-үркінішсіз мойындауымыз керек жəне еркіндік үшін белгілі..
© Фридрих Август фон Хайек
Көп ақымақтықтарға жол беріп алғанымызды мойындамай тұрып, бізге ақыл кірмейді.
© Фридрих Август фон Хайек
Біз өркениет дағдарысы жайлы кез келген түсінікті қабылдауға əзірміз, бірақ бұл дағдарыстар біздің өзіміздің түбегейлі қателіктеріміздің салдарынан..
© Фридрих Август фон Хайек