Фридрих Август фон Хайек

Фридрих Август фон Хайек (1899–1992) – ағылшын азаматтығын алған австриялық философ. Негізгі мамандығы – экономист. Осы заманғы либерализм классигі саналады. Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. «Құлдыққа бастар жол» (1944), «Ғылыми контрреволюция» («Контрреволюция науки») (1952), «Орға жығар өзімшілдік. Социализмнің қателері» (1988) деген еңбектері бар. Вена университетін бітірген. Онда құқ, философия жəне экономика пəндерін игерген. 1927–1931 жылдары Австрияның сұраныстарды зерттеу институтын басқарған. 1939 жылы Австрия аншлюс жағдайына түскеннен соң, ағылшын азаматтығын алыпты. 1950–1962 жылдары Чикаго жəне Фрейбург университеттерінде жұмыс істеген. 1974 жылы Г.Мордал екеуі Нобель сыйлығын алады. Ол өмір бойы экономикаға мемлекет тарапынан ықпал жасау идеясына қарсы болып өтті. Мұндай қадамның кез-келген түрі сөзсіз тоталитаризмге алып келеді деуден бір танған емес.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: