Бөлім: «Ақын өлеңдері жинағы»
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Қыс
Шыққан жоқпын еш уақыт ережеден,Дархан сөзді дестелеп тере келем.Қыс мені қамауға сап қынжылтады,Табиғатқа тоймай тұрмын терезеден.
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Махаббат
Көңілденсем, көл шалқытар кемеңгермін,Шөлдеп жатқан құнарлы терең жермін.Аққудай аялайды шын ғашықтар,Бір аруды құлпыртпасам, неге келдім.Ынтықтырар..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Кім жаман?
Біріншіден кім жаман?Алланы мүлде ұмытқан,Байлыққа көзсіз құныққан,Мен үшін білсем, сол жаман.Екіншіден кім жаман?Бай алдында бұғатын,Жарлыны жекіп..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Жалған молдаларға
Кей қария былапыт былшылдайды,Кейбіреуі құтырып қылшылдайды.Жастарына қарамай желіккенінШайтандары түрткілеп шымшылайды.Үлгісін көрсететін аталар..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Армандағы бір қазық
Ұрпақсыз өтсем өмірден,Қызығы болмас жарықтың.Мөлдіреп аққан су болсаң,Жолыңда жатар арықпын.Көрмегелі көп болды,Өзіңді іздеп зарықтым.Өзімді қайрап..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Ызғарлы желтоқсан
Жастарды естен кетпес ұрғандары,Көз алдымда жалын оты қырғандары.Қазақтың еркіндігін аңсағандар,Желтоқсанның ызғары ұрған құрбандары.Іргемізден..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Ащы су туралы
Арақты барша болып талдайықшы,Бар кінәні араққа салмайықшы.Арағың іше білсең сусын екен,Сусап кеп естен танып қалмайықшы...Көп ішсең сал денеңді..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Өзімді сипаттау
Қабағым қатса егер күзіңдеймін,Мен майда електерден сүзілмеймін.Уайымнан шаршап жатып көз ілмеймін,Қыл арқанмын тінім тәуір, үзілмеймін.Піскенім..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Нағи Ілиясов ауылына
Шамдары көз тартады менмұндалап,Көрмеппін өмірімде мен мұндай бақ.Фонтанның үні күйді толғағандай,Бір сарқырап ағады, бір құлдилап.Абзал ағам ауылды..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Асығыс шыққан өлең
Қазағым жеңген қалмақты,Жақтырмаймын жалбақты.Дөңгелеген диірмендейҚазағым болсын салмақты.Абайдай қолды кеш сермеп,Тістемейік бармақты.Шақырсам..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Тәубе
Құлагер шапқан екен шабылғанша,Шауып көрем, шығады шаңым қанша?Жолым ауыр, сүрінбеуге тырысамын,Білмеймін бағым қанша, сорым қанша?Арыңды азсаң дағы..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Өмірден түңілме
Шабытыммен қасылар қотырым бар,Теңізді тасытатын толқыным бар.Денсаулықтың қадірін білмейтіндер,Бір күн менің арбама отырыңдар.Көгереді, көктейді..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Жастарға
Ортаға жалғайыншы шынжыр шумақ,Өмірден кімдер кетіп, кімдер тумақ,Өтпейікші өмірден итше шулап,Болар бала бесіктен білім қумақ.Жырымды қыздыратын..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Ұстазға
Білімнің өзіне сай бар иесі,Соқыр байдың жарамас нар түйесі.Баланы дана етер мықты болса,Ұстаздың жиып берген тәрбиесі.Домалар өрге әр тасы,Құнды ғой..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Анамның туған күніне
Алладан несібелі сыйын күтті,Көтеріп жүрген екен қиындықты.Құдайым мені беріп сынағанда,Тағы да көтеріпті иіні мықты.Көпшілік мұндай сынға төзе..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Қосасар
(ауылдағы қос төбе)Ей, Қосасар, Қосасар,Көтеріп мені бір таста.Басыңа шығып қарасам,Туған жерім бір басқа.«Жетім асар» тұр жалғыз,Серігі жоқ бір..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Ауылыма
Қайтарам соққан дауылды,Көтерем берген ауырды.Ақынға жырлау аманат,Тұлғалар шыққан ауылды.Шыдаған желдің өтіне,Жеткендей қиял шетіне,Қалтайым салды..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Дәрігер Бекей Жақыповтың рухына
Жасынан-ақ бағындырды биікті,Төрт түлікті маңдай термен жиыпты.Жатарында бірАллаға сыйынып,Бала шақтан тек білімді сүйіпті.Қатарлары жайбарақат..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Келешекке қиял
Жас шыбығым көгеріп, көктей ме екен,Жас көңілім көкорайды көксей ме екен?Шын сүйген өр ағысқа беттей ме екен,Махаббаттың құрбаны болып кетпей ме..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Өмірден не алдым?
Қасиетті қара өлеңнің сырын алдым,Махаббаттың жүрекке соққы мыңын алдым.Қайраттансам қасқырдың да жынын алдым,Әкемнен сүбелі сөздің сынын..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Тағдырмен тайталас
Тағдырым, дара жолды кесесің бе,Ойымды тебіренттің есесіне.Сүтім жоқ, тілім ащы – қара шаймын,Құйылған бұл өмірдің кесесіне.Сынағыңның шыдадым..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Долы қатын
Абайсызда басы тасқа соғылатын,Әркімнің де кезі бар жаңылатын.Адал жар оттың басын гүл жайнатса,Кейбіреудің болады соры қатын.Долылықпен болмайтынды..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Құтырған қыздарға
Адал ана баласынан көз алмайды,Жалған ана қиындыққа төзе алмайды.Құтырған бұл өмірдің біреулері,Сәбиінің махаббатын сезе алмайды.Орта ойлы замананың..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Ойлан, қазақ!
Барлаймын жатып жан-жақты,Сөз қозғайын салмақты.Қатыгез, жауыз Берия,Даналарды жалмапты.Адамнан айла артылмас,Дұшпанға жауын жалдапты.Қулығына..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Сайқал саясат
Халық едік қазақ деген төзімшіл,Заманға сай болып барад өзімшіл.Байларында қанағат жоқ бұл жұрттың,Баспаса екен бар қазақтың көзін шел.Қойнымызға..
© Нұрмұхаммед Әбілқасымов