Ата ана туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 15
Ақын өлеңдері жинағы: 9
Қанатты сөздер жинағы: 5
Әңгімелер жинағы: 1
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 3
Эсселер жинағы: 6

Рахмет Әке, анашым
Бізді ойлап жүретін, Сыйлықтарын беретін. Мерекеде бүгінгі, Бізге көңіл бөлетін. Рахмет Әке, анашым, Бізді жақсы көретін.
©  Халықаралық балалар күні
Әкешімсіз қолдайтын
Әкешімсіз қолдайтын, Жамандықтан қорғайтын. Ұл-қызына әспеттеп, Бар жақсысын жолдайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Күніміз сіз сөнбейтін
Күніміз сіз сөнбейтін, Көкжиектен шығатын. Әніміз сіз тербейтін, Жанымызды ұғатын. Әкетайым, асылым, Біздерді ойлап тұратын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Сіз бар кезде...
Сіз бар кезде әкешім, Арайлы боп таң атар. Күн күлімдеп біздерге, Қуанышпен үн қатар. Ортамызда жүрші аман, Әніміз боп жырлатар! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім-ау, әкешім!
Әкешім-ау, әкешім, Алла жар боп болшы аман. Жүрегің мәңгі соқсын деп, Жаратқаннан сұранам. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жанұяның жүрегі
Жанұяның жүрегі, Әкетайым өзіңіз. Маңызды әке, қашанда, Әрбір айтар сөзіңіз.
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаршамаңыз, талмаңыз!
Шаршамаңыз, талмаңыз, Әкетайым, асылым. Балаларын, отбасын, Ойлап жүрер жасырын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаттығымыз сіз — Әке!
Шаттығымыз сіз — Әке, Бақ гүліміз сіз — Әке. Әрбір жылы саулықта, Жасаңыз сіз — жүз, Әке! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Асқар таудай Әкелер
Асқар таудай Әкелер, Ұл-қыздарын мәпелер. Тәрбиесін көрсетіп, «Адам бол» деп жетелер.Жібек Искакова 
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Өзің барда Әкешім
Өзің барда Әкешім, Бақыттымыз біздер тек. Амандықта жан Әке, Жүріңізші күлімдеп! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жүрегіміз сіз әке
Жүрегіміз сіз — Әке, Тірегіміз сіз— Әке. «Аман бол» деп қашанда, Тілейміз тек біз Әке! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім сен
Әкешім сен — асылсың, Көз тартатын маржандай. Әр сөзіңе біз әке, Тұра алмаймыз таңданбай. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкем менің
Әкем менің — жан ізгі, Бар жақсысын арнайтын. Ұл-қызына әдемі, Өмір жолын таңдайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әке деген...
Әке деген — Асқар тау, Таудай биік талабы. Ұл-қызына қарайтын, Мейіріммен жанары. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Ана деймыз барымызде анкылдап ана деген жас  сабидын анасы ата ананы курметтейык барымыз жумактын кылты  аналардын астында .