Бастауыш сынып туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 5
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 4

Мектебім
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Бастауыш
Жетелейді алға үміт,Күлімдейді таң күліп.Жол көрсеттің бізге сен,Ұмытпаймыз мәңгілік.
Бастауышпен қоштасу
Қош бол, құтты бастауыш,Сенен оқып бастадым.Білім бердің бойыма,Нәр алды сенен жас жаным.
Бастауыш сынып
Бастауыш сынып, мектебім,Бүгін,міне, қош дедім.Білмей қалдық 4 жылдың,Қалай зырлап өткенін.