Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Жаңа жыл кешінде
Ақ қарға оранып,Түледі дала бұл.Қаңтармен қол алып,Келеді жаңа жыл.Жайнайды шыршамыз,Күлді Аяз-Атамыз.Қуанып бір сәт біз,Ту алып жатамыз.Сыртта жел..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Ақпан
Келеді кеуделі сызданып,Тізгінін бір рет тартпайды.Жатады құрсанып, мұз болып,Ақпанда өзендер ақпайды.
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Қаңтар
Қаңтарып бұлттардың тізгінін,Боранның соққаны-ай құйындап.Үскіріп аязы үздігіп,Қаңтар жүр қар үстін шиырлап.
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Қолғап
Оу, балалар, қараңдар,Мына қалың қолғапты.Қолғап кисе боранда,Қолы үсіп тоңбапты.Жүннен, жіптен, мақтадан,Тоқып берген аналар.Қардан соқты..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Боран
Сыпырады түтіп-түтіп даланы,Құтырады шымшып-шымшып баланы.Қар үйді де қоршап алды қораны,Есікті ашсаң үйдің ішін шоладыКелген кезде ұрсып-ұрсып..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Шана
Жаз бойы қорада «қамалып»,Қыс келсе тыпыршып тұрмайды.«Ал, кеттік, ұстаңдар...» деп алып,Төбеден төменге зулайды.
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Қар жауған күн
Ақ төсекте ақ көрпеге оранып,Ұйықтап кеттім тәтті түске бөленіп.Әлде дала жатыр ма екен жаңарып,Түсімде ылғи әппақ қарды көремін.Ақша қарды жүр..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Қыс
Қыс келді. Шатырға мұз қатып,Мұз қатып, ызғары мұздатып.Қырқаға шиырлап із салып,Шаңғыны тебеміз зырлатып.
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Күз
Сары түсті атырабы,Туған жерге күз енді.Ағаштардың жапырағы,Бұтағынан күзелді.
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Жаз
Тамылжып тұрған жаз айы,Тамаша екен ғажайып.Таусылмасын қызығы,Ұнатамыз біз мұны.
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Қырқалар
Қырқалар қардан тазарды,Қылтанақ көкке жан кіріп.Көктемнің үлкен базары,Тарқамаса екен мәңгілік.
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Ала доп
Ала добым домалақЖорта берді домалап.Отқа түсіп жарылып,Жанып кетті, обал-ақ.
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Құлыншақ
Құлдыраңдап құлыншақ,Арлы-берлі шабады.«Бестік» алған көңілі шатБаланы еске салады.
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Шыңғыс
Биіктерде, еңістерде,Мен інімнің тіреуі.Бес кәмпитті бөліскенде,Артық қалды біреуі.Мақтан етем інілерді,Болсын тату, пысық та...Деді Шыңғыс: «Мұны..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Бигелді
Мен есейіп тайға мінгем,Бес жаста інім Бигелді.Сыртта өзі ойнап жүрген,Кенет жылап үйге енді.Көмек күтіп тұр бәрінен,Көзінде жас мөлдіреп.- Өткір..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Сәкіман
«Жыламайды» бұл қуыршақ,Сұрамайды еш нәрсе.Киімдері бір буыншақ,Тап-тұйнақтай әскерше.Деп сұрадым Сәкіманнан,«Үлкен бе, әлде тым жас па?..»– Былтыр..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Гүлдәрі
Ұйқы мені жалықтырды,Ішім пысып кетті деп.Ерке тотай Мәлік тұрды,«Ойнасақ қой...» деп тілеп.Біздің сылқым Гүлдәріміз,Ақылдырақ көбінен.- Ішің..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Ақсана мектепке асығады
Би билеуге бейім,Біздің ерке Ақсана.Бес жасына дейін,Барды балабақшаға.Еркелікті тастап,Еліктеп жүр әншіге...Ол былтырдан бастап,Оқыды..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Балабақша
Жинаулы, тап-таза едені,Бөлменің есігін ашсаңыз.Өнеге үйретіп келеді, Сүйікті балабақшамыз.Жайраңдап жымиып тұрады,Апайлар әрқашан алдыңда.Бақшамыз..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Сәлем
Сәлем берем ақсақалға,«Ассалаумағалйкум!» деп.Риза болар жақсы атам да,Көрсеткенге мол құрмет.Сәлем берем әже-апама,– Есенсіз бе?- деймін..
© Қалмаханбет Мұқаметқали
Хош бол, хош бол бастауыш
Хош бол, хош бол бастауыш, Берген алғаш жанға азық. Сенің арқаң үйренсек, Әріп танып, біз жазып. Жібек Искакова
© Жібек Ысқақова
Бастауышым, мектебім
Бастауышым, мектебім, Сенде өтті төрт көктемім. Сенің арқаң бастауыш, Беске беспен өткенім. Жібек Искакова
© Жібек Ысқақова
Сенен оқып, бастадым
Сенен оқып, бастадым, Әріптерді жаңадан. Бастауышым рахмет, Түлеп ұшар бар адам. Жібек Искакова
© Жібек Ысқақова
Бастауыштың үні бұл
Бастауыштың үні бұл, Жүректерді тербеген. Бүрін жарған гүлі бұл, Жанымызды емдеген. Жібек Искакова
© Жібек Ысқақова
Сенен түлеп ұштым мен
Сенен түлеп ұштым мен, Биік самғап жоқ уайымБастауышым рахмет, Есімдесің әрдайым. Жібек Искакова
© Жібек Ысқақова