meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Наурыздың бұл тойында
Наурыздың бұл тойында, Көңілді күй тербеді. Жылдың басы жаңа жыл, Жарқынды сәт, күй берді.  
©  Наурыз мейрамы
Әсем әнге
Наурыз келді ағайын, Жұлдыздайын жанайық. Ұлыстың ұлы күнінде, Әсем әнге салайық.
©  Наурыз мейрамы
Бақ-береке орнасын
Ұлыстың ұлы күнінде, Бақ-береке орнасын. Шаттық келіп жеріме, Қуаныштар жалғансын. 
©  Наурыз мейрамы
Нұрға бөлеп елімді
Хош келіпсің, Наурызым, Нұрға бөлеп елімді. Шаттығыңды бере бер, Қуандырып жерімді.
©  Наурыз мейрамы
Ұлыс оң болсын
Құтты болсын, қазағым, Наурыз жаңа жылың бұл. Қуанышпен тербесін, Енген жаңа күнің бұл.
©  Наурыз мейрамы
Құтты болсын, Наурызым
Көктемменен бір келген, Хош келіпсің, Наурызым. Жақсылыққа басташы, Жылдың басы, Наурызым!
©  Наурыз мейрамы
Хош келіпсің, Наурызым!
Хош келіпсің, Наурызым, Бірге еніп көктеммен. Көк майсасы баурайды, Жасыл-желек көмкерген.
©  Наурыз мейрамы
Наурызымыз бұл біздің
Наурызымыз бұл біздің, Жылдың басы жаңа күн. Жаңа жылы қазақтың, Теңесетін күн мен түн.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, жаңа күн
Наурыз келді, жаңа күн, Жылдың басы жаңа жыл. Күн менен түн теңелер, Төбемізден шашып нұр.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, нұр келді
Наурыз келді, нұр келді, Ән менен бір жыр келді. Наурыз тойын тойлайтын,.Қуанатын күн келді.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, жыл келді
Наурыз келді, жыл келді, Бар айнала гүлденді. Табиғатым оянып, Бар айнала түрленді.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді жадырап
Наурыз келді жадырап, Табиғатым тіріліп.Күн менен түн теңесті,Айналамыз құбылып.
©  Наурыз мейрамы
Хош келдің Наурыз
Хош келдің, Наурыз! Мерекесі қазақтың. Жылдың басы, жаңа жыл, Жаңа күнім, ғажабым.
©  Наурыз мейрамы
Қозы-лақтар жамырап
Көктем келді достарым, Қозы-лақтар жамырап. Күн менен түн теңелді, Наурызымды қабылдап.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, жыл басы
Наурыз келді, жыл басы, Қуантып бар халықты. Елдің тойы наурыз той, Мерейі үстім, данықты.
©  Наурыз мейрамы
Көктем келді, Наурызым!
Көктем келді, Наурызым, Күн менен түн теңесіп. Көк майсасы, бұраң бел, Отырғандай кеңесіп.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді жаңа жыл
Наурыз келді, жаңа жыл, Жылбасы бұл, жаңа күн. Күн мен түнім теңеліп, Күлім қағып әне тұр.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз әні шырқалып
Наурыз айы шырқалып, Айнала сән құрады. Жаңа жыл бұл, жаңа күн, Таусылмайтын жыр, әні.
©  Наурыз мейрамы
Әз-Наурызым
Әз-Наурызым той-думан, Салт-дәстүрім жаңғырған. Бүкіл халық тойлайды, Шашу шашып ән-жырдан.
©  Наурыз мейрамы
Жыл басы Наурыз
Жылдың басы Әз-Наурыз, Жаңа жылым, мереке. Әрбір қазақ үйінде, Арта берсін береке.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді
Наурыз келді қуантып, Жанды баурап гүл көктем. Жылдың басы қазақтың, Айналаны гүлді еткен.
©  Наурыз мейрамы
Құтты болсын мейрамың
Құтты болсын мейрамың, Әжетайым, анашым. Әпкелерім, сіңілім, Апайларым бәрі асыл
©  8 наурыз
Мерекеден шет қалмай
Бүгін шаттық, мереке, Құттықтаймын сіздерді Наурыздың бұл сегізі, Қуандырар біздерді.
©  8 наурыз
Ерекше бұл мереке
Ерекше бұл мереке, Әр көктемде келетін. Анамызға, апайғаГүл шоқтарын беретін.
©  8 наурыз
Білім берер апайым
Құтты болсын мерекең, Білім берер апайым. Нұрын төгіп бұл көктем, Шаттаныңыз, жоқ уайым.
©  8 наурыз