8 наурыз туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 80
Ақын өлеңдері жинағы: 33
Қанатты сөздер жинағы: 1
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 77
Баталар жинағы: 5
Әңгімелер жинағы: 10
Шығармалар жинағы: 8
Эсселер жинағы: 6

Анашым, мереке құтты болсын!
Аялаған анашым,Құтты болсын мерекең.Көктем күні қуантып,Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз, көктемгі мейрам
Шаттығына бөлейтін,Сегізінші наурыз бұл.Құтты болсын мереке,Тербеп сізді ән мен жыр.
©  Жібек Ысқақова
Көктемгі мереке , 8 наурыз
Көктем ашты есігін,Құтты болсын мереке.Көктем сыйлап бақытын,Арта берсін береке.
©  Жібек Ысқақова
Мереке құтты болсын, 8 наурыз
Сегізінші наурыз бұл,Баршаға шаттық сыйлайтын.Құтты болсын мереке,Қуанышын жинайтын.
©  Жібек Ысқақова
Алғашқы көктем мерекесі
Алғашқы мейрам көктемнің ,Құтты болсын кеп жеткен.Ақ тілекпен көмкеріп,Айналаны гүлді еткен.
©  Жібек Ысқақова
Арулар мереке құтты болсын!
Ару қыздар, ау қыздар,Ерекше сұлу жансыздар.Шұғылалы ататын,Шырайлы ақ таңсыздар.Құтты болсын мерекең,Ару қыздар, бал қыздар!
©  Жібек Ысқақова
Әжелер, аналар, арулар
Әжелер мен аналар,Әпкелерім жайнаған.Құтты болсын мерекең,Жүзіңде нұр ойнаған.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз мерекесі құтты болсын!
Сегізінші наурыз бұл,Баршаға бақыт сыйлайтын.Құтты болсын мереке,Шаттық гүлін сыйлайтын.
©  Жібек Ысқақова
Ұстазым, мерекеңізбен!
Құтты болсын мерекең.Ұстазым гүл жайнаған.Гүл көктемдей құлпырып,Жайнай берсін айналаң.
©  Жібек Ысқақова
Әжелер мереке құтты болсын!
Ақ жаулықты әжелерім,Мерекені тойласын.Жүзіңізде күлім қағып,Бақ-береке ойнасын.
©  Жібек Ысқақова
Әжелер мереке құтты болсын!
Ақ жаулықты әжелерім,Мейрекені тойласын.Жүзіңізде күлім қағып,Бақ-береке ойнасын.
©  Жібек Ысқақова
Мереке құтты болсын аналар!
Әрбір ана күлімдесін,Мерекеде гүл жайнап.Алла сәтті күнін берсін,Көздерінде нұр ойнап.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз
Сегізінші наурыз келді,Құтты болсын мереке.Көктемдейін құлпырып,Арта берсін береке.
©  Жібек Ысқақова
Анашым
Ақ қабақты анашым,күн сәулелі анашым.Әлпештеген баласын,айналайын анашым.
8-ші наурыз!
Үн қатады бал тілменЕркелеймін күнде менҚұттықтаймын, анашым8-ші наурызбен!
Ана 8 наурыз
Анамды мен суйемынАкылын ойга туйемынАжемды де ардактапАдеппен бас иемын!!!
Анашым
Ақ қабақты анашым,күн сәулелі анашым.Әлпештеген баласын,айналайын анашым.
Айналайын анашым
Айналайын анашым,әлпештеген баласын,Еміп өскен бөбекпіз,анамыздың мамасын.
Ақ анам
Әр сөзімді жаттаған,Жүрегімде сақтаған,Анашым деп мақтанам,айналайын ақ анам!
Анашым
Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Мұғалім анам
Мен мұғалім анамның,Өнегесін аламын.Ертең менде анамдай.Оқытушы боламын.
Менің әжем
Менің әжем мейірбан,Мені жақсы көреді.Қажетіне жарасам,Жас балаша күледі.
8 наурыз
Әлпештеген аялаған,Ақ сүт берген апатайым.Сәлем жазып бүгін саған,Мейрамын мен құттықтаймын.
Анам
Шашымды өріп тараған,Қабағыма қарағанҮлкен кіші демейдіСыйлайды оны бар адам.
Ақ анашым
Ақ анашым, аппағым,Өзің жайлы тақпағымӨзің жайлы әнім де,Арнадым саған бәрін де.