Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Бастауышқа мың алғыс
Хош бол енді бастауыш, Әріптерді үйреткен. Бастауышқа мың алғыс, Білім беріп, тербеткен.
© Қоштасу тақпақтары
Бастауышым бұл менің
Әріптерді үйретіп, Көркем жазу жаздырған. Бастауышым бұл менің, Білімді етіп мәз қылған.
© Қоштасу тақпақтары
Бастауышым өзіңсің
Алғаш әріп үйреткен, Бастауышым өзіңсің. Рахмет деймін бастауыш, Тәтті балдай кез үшін.
© Қоштасу тақпақтары
Хош деймін мен Бастауыш
Алғаш қалам алдырып, Оқытқан бар әріпті. Хош деймін мен бастауыш, Үйреткен әр қаріпті.
© Қоштасу тақпақтары
Мың рахмет бастауыш
Үйреткен алғаш әріпті, Мың рахмет бастауыш. Іргетасы білімнің, Ілім берер бастауыш. Хош бол енді, білімге, Бастау болған бастауыш.
© Қоштасу тақпақтары
Алтын ұя мектебім
Алтын ұя мектебім, Қолға қалам алдырған. Бастауышым хош енді, Білім беріп таң қылған.
© Қоштасу тақпақтары
Бастауышқа рахмет
Қолға қалам алдырып, Көркем жазу жаздырып, Үйреткен әріп, оқуды, Бастауышым мәз қылып. Өтті төрт жылы мінеки, Айдан жылды оздырып. Хош бол енді..
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол менің мектебім
Бастауышты бітірткен, Хош бол менің мектебім. Әріптерді танытып, Оқушы бізді еткенің. Төрт сыныпты бітіртіп, Келді міне көктемім. Хош бол дейміз..
© Қоштасу тақпақтары
Ең алғаш қадам бастырған
Мектепке алғаш барғанда, Үйреткен әріп, сандарды. Ең алғаш қадам бастырған, Бастауышым заңғарды. Бүгінгі бұл хоштасу, Бастауыш саған арналды. Көп..
© Қоштасу тақпақтары
Бастауышым хош енді
Төрт жыл білім берген бұл. Бастауышым хош енді. Ұстаздарым алғашқы, Жанымызға леп берді.
© Қоштасу тақпақтары
Бастауышым хош енді
Төрт жыл білім берген бұл. Бастауышым хош енді. Ұстаздарым алғашқы, Жанымызға леп берді.
© Қоштасу тақпақтары
Әліппесін өмірдің
Ең алғаш боп үйреткен, Әліппесін өмірдің. Бастауышым хош енді, Саған риза көңілім.
© Қоштасу тақпақтары
Бастауышпен қоштасу
Хош бол деймін өзіңе, Бастауышым, мектебім. Ұстаздарым аман бол, Берген бойға бек сенім.
© Қоштасу тақпақтары
Ең алғашқы ұстазым
Мектепке қадам басқанда, Қарсы алды алғаш ұстазым. Бастауышпен қоштасу, Кеп қалды өтіп қыс, жазым.
© Қоштасу тақпақтары
Тәтті күндер куәсі
Тәтті күндер куәсі, Хош бол бақшам, ғажабым. Балдай тәтті бал күндер, Тарқамасын базарың...
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол бақшам, жүрегім
Хош бол бақшам, жүрегім, Сенен кетіп барамын. Ұмытпаймын өзіңді, Боп қаласың бағалым.
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол деймін өзіңе
Балабақшам, ғажабым, Тәтті күнді өткізген. Хош бол деймін өзіңе, Осы күнге жеткізген.
© Қоштасу тақпақтары
Шаттығымыз бал бақшам
Шаттығымыз бал бақшам, Бар жақсысын арнаған. Хош бол бала бақшам сен, Тәтті күнін жалғаған.
© Қоштасу тақпақтары
Балабақшам күн, айым
Хош бол кетіп барамын, Балабақша күн, айым. Апайларым рахмет, Күлімдей жүр күн сайын.
© Қоштасу тақпақтары
Балабақша үнімен
Хоштасып біз барамыз, Балабақша үнімен. Хош аман бол апайлар, Нұр төгіліп жүзіңнен.
© Қоштасу тақпақтары
Балабақша күндері
Қандай ғажап, керемет, Балабақша күндері. Хош бол айтып барамын, Жүріп мен де ілгері.
© Қоштасу тақпақтары
Сенде өткізген күндерім
Балабақшам хош болғын, Мен де кетіп барамын. Сенде өткізген күндерім, Білем есте қаларын.
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол бақшам, бал күнім
Хош бол бақшам, бал күнім, Сыйлаған әр таң нұрын. Апайларым болады, Есімізде балды үнің.
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол бақшам, тіледім
Хош бол бақшам, тіледім, Шаттықты күн арайын. Апайларым аман бол, Ашылып жан сарайың.
© Қоштасу тақпақтары
Рахмет балабақшама
Рахмет балабақшама, Берген балғын шақтарын. Апайларым жайнаған, Көп болсын бал шақтарың.
© Қоштасу тақпақтары