Әйелдер күні туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 44
Ақын өлеңдері жинағы: 18
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 39
Баталар жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 7
Эсселер жинағы: 6

Гүл анам
Анамызды әрқашан, Құрметтейміз, сыйлаймыз. Мерекеде гүлдерді, Анамызға жинаймыз.
©  8 наурыз
Айналайын ақ мамам
Құтты болсын мерекең, Айналайын ақ мамам. Гүлдей жайнап құлпырып, Қасымызда жүрші аман
©  8 наурыз
Құтты болсын мерекең
Асыл анам, жан анам, Әрқашанда жүрші аман. Құтты болсын мейрамың, Гүл көктемнен тараған.
©  8 наурыз
Жан анам
Жүзі жылы жан анам, Сіздей болсын бар адам. Құтты болсын мерекең, Мейірімді жан анам.
©  8 наурыз
Анашым
Жарқын жүзді анашым, Құтты болсын мерекең. Мерекеңде өзіңді, Әнге қосып тербетем.
©  8 наурыз
Сегізінші наурыз
Сегізінші наурыздаҚызмет етіп бар қызға,Гүл ұсынып, жайнатып,Шаттық күйін ойнатып,Мерекені қарсы алып,Би билейміз, ән салып.
©  Ертай Ашықбаев
Анашым
Ақ қабақты анашым,күн сәулелі анашым.Әлпештеген баласын,айналайын анашым.
Айналайын анашым
Айналайын анашым,әлпештеген баласын,Еміп өскен бөбекпіз,анамыздың мамасын.
Ақ анам
Әр сөзімді жаттаған,Жүрегімде сақтаған,Анашым деп мақтанам,айналайын ақ анам!
Анашым
Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Мұғалім анам
Мен мұғалім анамның,Өнегесін аламын.Ертең менде анамдай.Оқытушы боламын.
Менің әжем
Менің әжем мейірбан,Мені жақсы көреді.Қажетіне жарасам,Жас балаша күледі.
8 наурыз
Әлпештеген аялаған,Ақ сүт берген апатайым.Сәлем жазып бүгін саған,Мейрамын мен құттықтаймын.
Анам
Шашымды өріп тараған,Қабағыма қарағанҮлкен кіші демейдіСыйлайды оны бар адам.
Ақ анашым
Ақ анашым, аппағым,Өзің жайлы тақпағымӨзің жайлы әнім де,Арнадым саған бәрін де.
Құрметті аналар
Сенен өскен балалар,Батырлар мен даналарҚұттықтаймыз мейрамменҚұрметті аналар.
Аналарға сыйлаймыз
 Біз доспыз гүлдермен,Текке оны жұлмаймызТой күні бір-бірденАналарға сыйлаймыз.
8 Наурыз
жарқын жузді жан анамсендей болсын бар адамсендей болса бар адамшаттык кетпес баладан
8 Наурыз
Мен гүлдердi жұлмаймынТорғайларды ҚумаймынАйтҚан сөзiн тындаймынАнашымды сыйлаймын