Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Мүшел 13 жас
Шешкен бәрін ойланыпҒалам сырын білгіш елОн екі жыл айналыпҚайта оралса бір мүшел
Жасымыз он үште
Жасымыз толды он үшкеЕресек біздер баламызМәпелеп ата-анамызОқуда озат боламыз
Құтты болсын мейрамың
Көңіл толы нұр ағысМен де шаттық жайдамынҚұтты болсын қуанышҚұтты болсын мейрамың
13 жас мүшел жас
Бар дәулеттің көзі депБілім болсын жанарың13-ке келген жас достымҚұтты болсын қадамың
Мүшел 97 жасқа тілек
Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің,Сүйегің қартайған соң бор екенсің,Тоқтының баласына әлін келмей,Балаңның баласына қор екенсің.
Қоштасар сәт...
Соқты, міне, қоңыраудың соңғысы,Ұстаздардың қадам басты оңға ісі:Ару Ай мен мекем Марсқа, кәнеки,Кімнің келмес арамыздан қонғысы!
© Асаба (тамада)
Нағашылар - тойда амандасу
Көркем сөзді күмбірлетіп төгейік,Айтар сөзді неге біздер бөгейік.Жиендерге жанашыр боп келетін,Нагашыны той төрінен көрейік!
© Асаба (тамада)
Әпке-жезделер - тойда амандасу
Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден –Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден.
© Асаба (тамада)
Жеңеше - тойда амандасу
Жарқылдаған жеңгелер, шашуыңды шаш бүгін,Еске алады әжелер осы тойда жас күнін.Арта берсін достығың - доссыз өмір бос бүгін,Құрбы-құрдас, қанеки..
© Асаба (тамада)
Жеңгелер - тойда амандасу
Артық болмас, айналайын, жеңешем,Жер-анага, ер анага теңесем.Футболшылар командасы құрылар,Аман болсаң, қакпашысы сен екен!
© Асаба (тамада)
Аталар мен апалар - тойда амандасу
Сәлем – сөздің анасы,Мақал - сөздің данасы.Төс қағыспай көрісер,Қай қазақтың баласы!
© Асаба (тамада)
Бастауышпен қоштасу
Қош бол, құтты бастауыш,Сенен оқып бастадым.Білім бердің бойыма,Нәр алды сенен жас жаным.
Бастауыш сынып
Бастауыш сынып, мектебім,Бүгін,міне, қош дедім.Білмей қалдық 4 жылдың,Қалай зырлап өткенін.
Ана тілі туралы өлеңдер мен тақпақтар
Ана тіліҚымбат маған ана тілім, бал тілім,Қымбат маған дана тілім, ар тілім.Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,Ана тілім ардақ тұтар алтыным.Ана тілін..
1 қыркүйек - салтанатты мерекемен
Шайдай ашық бейбіт күннің аспаныАуламыздың келісіп тұр бар сәні1 - қыркүйек - салтанатты мерекеменҚұттықтайды меңгеруші баршаны!
Құтты болсын білім күні
Бүкіл елде басталып бүгін жырыБақ қоңырау шақырар ұғымдынБілім - ғылым бастауы мерекеліҚұтты болсын бүгінгі білім күні